Афиша кино в Костанае

Ви-Ви балақай (КАТМК)

Бұл ертегі Ви-Ви балақай есімді қой туралы баяндайды. Ол кездейсоқ түрде қалаға, кішкентай лас жабыраңқы аулаға тап болады. бұл аулада Шурик есімді мысық тұрады екен. Кейде аулаға серуендеп мысықтың досы Кримс есімді күшік келіп тұрады. Бұл жерде ойнайтын жер де, зат та жоқ. Балалар алаңы деген не? Аулада не ойнаса болады? Достар қалай табылады? Қалайша зұлым боп кетпеуге болады? Күнделікті түрде қоршаған орта туралы қаншалықты көп зат білуге болады? Кемешіктер деген не? Фокустарды қалай жасау керек? Қалай кино түсіру керек? «Достық» дегеніміз не? 

Ви-Ви балақай аула тұрғындарына көп зат үйретпек. Бұл қойылымды ертегі-ойын десек те болады, себебі көп зат балаларға таныс, ал біраз жаңа және өнегелі дүниелерді олар осы туындыдан біле алады. Балаларды да, ересектерді де қызықтыратын мәселелер туралы осы шынайы қуыршақтар студиясының музыкалық ертегісі баяндап береді. Көрермендердің көңілінен міндетті түрде шығатын көптеген билер, әндер, кейіпкерлер болмақ: Ви-Ви балақай, Шурик мысық, күшік Кримс, Фуфура және Шушура есімді егеуқұйрықтар, Леня фонарь шамы, торғай Чик. Ертегі жаныңда достарың болса, өміріңді қалай жарқын және көркем етуге болатыны туралы айтып береді.