Репертуар театра кукол Костанай

Айбынды ән, мұңлы романс

«Романс сиқыры» топтамасынан

«АЙБЫНДЫ ӘН, МҰҢЛЫ РОМАНС»

«Астана Опера» Камералық залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Татарстанның еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Бекмұхамбетов (тенор) пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Ниязованың (сопрано), халықаралық байқаулардың лауреаты, «Россия К» телеарнасындағы «Большая опера» халықаралық жобасының (2017) қатысушысы Азат Мәлік қатысуымен «Айбынды ән, мұңлы романс» концерті өтеді.

Ән мен романс – көпшілікке жақын әрі түсінікті вокалдық өнердің ең қарапайым жанры. Камералы-вокалдық репертуардың танымал туындылары ел аузында ғана емес, сонымен бірге музыка сүйер қауымның мәңгі жүрегінде. Әртістер мен тыңдаушылардың бірлесуі орын алған концертте ерекше жылы әрі сенім ұялаған көңіл-күй шарықтайтын болады.

Бағдарламада П.Чайковский, С.Рахманинов, А.Варламов, А.Алябьев, Г.Свиридов және тағы басқа композиторлардың белгілі әндері мен романстары шырқалмақ.

Концертке қатысатындар:

Мақпал Бекмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (скрипка)

Асқар Мұқанов, халықаралық байқаулардың лауреаты (виолончель)

Мейіржан Кеңесбаев (скрипка)

 

Фортепиано партиясында – Раушан Бескемпірова, халықаралық байқаулардың лауреаты

 

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады