Репертуар театра кукол Костанай

Ф.Шопен – А.Скрябин. Қос сазгердің кескіні

2018 / 2019               Камералық зал                   VІ маусым

24 қазан * сәрсенбі * 19.00

Фортепианоға арналған музыка кеші

«Ф.Шопен – А.Скрябин.

Қос сазгердің кескіні»

«Астана Операның» Камералық залында «Ф.Шопен – А.Скрябин. Қос сазгердің кескіні» фортепианоға арналған музыка кеші өтеді.

Шопен мен Скрябин – еуропалық және орыс романтизмі дәуірінің композиторлары. Шопеннің музыкасына көбінесе А.Мицкевич поэзиясының бекзаттығы мен нәзіктігі тән. Скрябинның музыкасында орыс Күміс ғасырының рухы бар.

Әр автордың өзіндік жарқын даралыққа ие екендігі сөзсіз, әйтсе де, олардың ортақ тұстары да көп. Шопен мен Скрябин – ХIХ және ХХ ғасыр басында «фортепианоға арнап едәуір көп музыка шығарған» композиторлар.

Сонымен қатар олардың фортепианоға арналған бірегей жанрлар – прелюдия, вальс, этюд, соната, фантазияға жақын екендігі айқын байқалады. Шығармашылығының бастапқы кезеңінде Скрябинге Шопен стилі әсер еткені анық. Ал орта және кейінгі кезеңде Скрябинның стилі сәл өзгергенімен, екі композиторға да интонацияның талғампаздығы, нәзіктігі әрі өткірлігі тән.

Романтикалық музыка концертін жобаның музыкалық жетекшісі – профессор Вячеслав Узбеков және жас қазақстандық пианистер ұсынады.

Бағдарламада Ф.Шопен мен А.Скрябинның шығармалары шырқалмақ.

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Батырхан Сүлеймен

Ильяс Узбеков

Теодор Бычинский

Мәдина Такеева

Рахима Тойкенова

Ерлан Серкебаев

Эльмира Сұлтанғазина

Вячеслав Узбеков, жобаның музыкалық жетекшісі, профессор

 

БАҒДАРЛАМА:

Ф.ШОПЕН.

Ноктюрн, до-диез минор

Вальстер ор.34

№1 скерцо, си минор  

№3 баллада, си минор  

№1 баллада, си минор  

Фантазия, фа минор  

 

А.СКРЯБИН.

Концерттік аллегро ор.18

Бес прелюдия ор.11

Соната-фантазия

Ноктюрн фа-диез минор

Бес прелюдия

Екі этюд

Екі поэма ор.32

Листок из альбома

Мазурка

«Бидегі нәзіктік»

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут