Теперь вы можете подписаться на анонсы Жанар Макашева
Мы можем уведомить Вас о выходе новых событый.

Жанар Макашева

Жанар Макашева

Туған күні
13.07.1984 (40), Балқаш, Қазақстан
Мамандықтар

Зодиак белгісі
Егіздер


1984 жылы 13 шілде күні Қарағанды облысының Балқаш қаласында дүниеге келген.

Білімі

2001-2005 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын Театр және кино актері мамандығы бойынша бітірген.

2005 жылдан бастап Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актриса болып жұмыс істейді.

Сомдаған рөлдері:

  1. Т. Ахметжан «Екі жүрек» - Айнұр;
  2. И. Вовнянко «Смерть стриптизерши» - Клеопатра;
  3. С. Сматаев «Көгілдір такси» - Клара;
  4. Т. Теменов «Алма бағы» - Алма;
  5. Э. де Филиппо «Цилиндр» - Рита;
  6. Т.Теменов «Вызов Мулен Руж» - Айша;
  7. Т. Ахтанов «Күшік күйеу» - Ботка;
  8. Т. Теменов «Карменсита» - Кармен;
  9. М. Хасенов «Жұбайлар, жұбайлар!» - Бану;
  10. М. Байджиев «Тұншыққан сезім» - Нази;
  11. Ш.Айтматов «Қызыл орамалды шынарым» - Хадиша;
  12. В. Ежов «Бұлбұл түні» - Инга;
  13. Э.Хусвактов «Сүйе білсең»... - Қыз;
  14. О.Манджиев, Т.Теменов «Қатал күшік» - Клоун;
  15. Т. Теменов «Шығыс сазы» - Айдаһар қызы;
  16. Г. Хугаев «Қара шекпен» - Көкшұлан, т/ж.

Мемлекеттік сыйлықтары:

  • 2008 ж. - «Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты»
  • 2012 ж. - Орталық Азия елдері театрларының IV халықаралық фестивалінде Т. Теменовтың «Карменсита» қойылымындағы Карменнің рөлі үшін «Үздік әйел бейнесі» номинациясының жүлдегері.