Теперь вы можете подписаться на анонсы Сәбит Оразбаев
Мы можем уведомить Вас о выходе новых событый.

Сәбит Оразбаев

Сәбит Оразбаев

Туған күні
29.01.1936 (88), Арыс қ., ОҚО, ҚР
Мамандықтар

Зодиак белгісі
Таразы

Қызметі
актёр, педагог, профессор


Сәбит Оразбаев - өз өмірін сахнаға арнаған дарынды актер. Мансабын комедиялық рөлдерден бастады. Алғашқы қойылымдары: «Бөлтірік бөрік астында» және «Құдағи келіпті».

Шығармашылық жолы

1959 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Сәбиттің туыстары оны кішкентай қалашықтан Алматыға ветеринарлыққа оқуға жіберді, себебі бұл мамандықпен баланың болашағы зор болуы мүмкін еді. Жас бала осы мамандыққа түскеннен кейін өзі үшін жаңа қаланы аралап, ашық терезелерден музыкалық аспаптардың дыбыстарын естіді. Осыдан кейін өзінің оқу орнынан құжаттарын алып, вокалдық бөлімге өтті. Консерваторияда оқып жүргенде, театр факультеті ашылды, сол кезде жас өнерпаз театр факультетіне ауысты. 1960 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Әуезов атындағы драма театрында актер болып жұмыс істейді.

Шығармашылық жолында 100-ден астам рөлге ие болды. Төменде Сәбит Оразбаев ойнаған бірнеше спектакльдер атап өтейік:

  • «Жазықсыз айыптылар»;
  • «Қабыл - Адам ата перзенті»;
  • «Қан мен тер»;
  • «Дала тұтқыны»;
  • «Төрт тақта - жайнамаз»;
  • «Ревизор»;
  • «Тыныштық күзетшісі» және т.б.

Сәбит Оразбаев: отбасылық өмірі

Өзінің жеке өмірі туралы айтпағанды жөн көреді.

Қызықты фактілер

  1. 1976 жылы «Қазақстанның халық әртісі» атағына ие болды, ал 1994 жылы «Өзбекстанның еңбек сіңірген қайраткері» сыйлығын алды.
  2. Бос уақытында кітап жазады. Ол «Өмірдің өзі - театр» және «Тазарғың келсе, театрға бар» шығармаларының авторы. Сахна сыртындағы өмірдің бар шындығын ашып жазған.