Бауырсақ және Колобок (КАТМК)
Бауырсақ мерекелік тойдан қашып кетеді, себебі оны тойға келгендер жемекші болыпты. Ал Колобок болса ата-әжесінен қашып кетеді екен. Екеуі кездесіп, бірдей екенін және оларды жегісі келгендер үшін дәмді тағам екенін таңғала аңғарады. Екеуі дос болуды шешіпті, себебі біріге отырып жауларға төтеп беру және көңілді өмір сүру әлдеқайда қызық екен.
Қос достың ізіне Байбақ, Қарақал, Шақал түседі. Бауырсақ пен Колобок домбыра мен балалайкада тамаша ойнап, Қарақалды таңғалдырып, Байбақты жеңіп, Шакалмен дос болыпты. Олар Маралды кездестіріп, шығармашылық ұжым құруды шешеді. Бауырсақ пен Колобок аспаптарда ойнап, ән шырқаса, Қарақал - опера әншісі, Марал - балерина, Байбақ - композитор, Шақал ақын болады.
Ертегінің басты идеясы - барлық жандарды достық пен өнердің ұлы күші біріктіреді.