Афиша кино Кокшетау

2017 / 2018                    Камералық зал  V маусым

9 наурыз * жұма * 18.00

Концерт

«Биге шақыру»

Көктемнің шуақты мереке күндері «Астана Опера» театрының Камералық залында нәзік жандыларға махаббат сезімін білдіретін «Биге шақыру» концерті өтеді. Салтанатты полонез шырқалып, ырғақты тарантелла, мұңды «Эльфтер биі», әсерлі румын, испан билері және құштарлыққа толы аргентиналық танго орындалады.

Ал керемет музыканттар – Евгения Құрманаева (скрипка), Ермек Құрманаев (виолончель), Анар Камельинова (фортепиано) көрермендерді биге шақырады.

Бұл концерт – әйелдер күніне арналған тамаша сыйлық болары анық.

 

Бағдарлама:

Д.Поппер. «Тарантелла»

Д.Поппер. «Концерттік полонез»

Д.Поппер. «Эльфтер биі»

К.Сен-Санс. «Жануарлар карнавалы» сюитасынан «Аққу»

Г.Венявский. «Полонез»

Б.Барток. «Румын билері»

М.де Фалья. «Испан билері»

Р.Щедрин. «Альбениске еліктеу»

А.Пьяццолла. Le Grand Tango

А.Пьяццолла. «Буэнос-Айрестегі жыл мезгілдері» («Күз», «Қыс»)

 

 

Ұзақтығы  – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады