Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

Жанымды тербеген бір өзің...

«Романс сиқыры» топтамасынан

«Жанымды тербеген бір өзің…»

2017 жылдың 14 қарашасында «Астана Опера» театрының Камералық залында «Романс сиқыры» топтамасынан «Жанымды тербеген бір өзің...» концерті өтеді.

Театр әртістері сүйікті көрермендерін вокалдық лириканың керемет кешімен қайта қуантпақ. Опера солистері мен хор әртістерінің орындауында танымал романстар мен батыс еуропалық, орыс және қазақ композиторларының әндері шырқалып, аспаптық миниатюралар ұсынылады.

Орындаушылар:

Медет Шотабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (тенор)

Галина Чеплакова (сопрано)

Азат Мәлік (баритон)

Ғалия Байғазинова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (сопрано)

Малика Минизини (меццо-сопрано)

Дариға Мусаева (сопрано)

Батыржан Смақов (контртенор)

Ұлпан Әубәкірова (сопрано)

Алмат Избамбетов (тенор)

Азат Тұранел (баритон)

Балнұр Құдайберген (скрипка)

Аида Әбдіқадырова (флейта)

Дана Әбдіқадырова (фортепиано)

Фортепиано партиясында –

халықаралық байқаулардың лауреаты Раушан Бескемпірова

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады