Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы калық драма театры (Қалибек Қуанышбаев көшесі, 8/1).
Авторы: Мұхтар Әуезов, Қалихан Ысқақ
Премьерасы өткен уақыт: 4-5 қараша 2015 жыл
Қоюшы режиссері: Әлімбек Оразбеков
Актерлік құрам: Нұркен Өтеуіл, Қуандық Қыстықбай, Асылбек Қапаев, Сырым Қашқабаев, Ержан Нұрымбет, Ақыш Омар, Мейрам Қайсанов
Жанр: Әлеуметтік драма
Ұзақтығы: 1 сағат 35 мин
Жас ерекшелігі: 12+
Бүгінге дейін күрделі тақырып «жер» мәселесі қойылымның күретамыры. Жерді сатқаның – отанды сатқаның. Ата-бабадан қалған аруақты даланы сақтап қалу әр қазақтың адами парызы.
Елін-жұртын ойлап, күн кешкен екі азаматтың достығы, туған жерге деген үлкен махаббаты қойылым барысында көрініс табады. Жарасбай – ойдың адамы, Бақтығұл – істің адамы.
Осы екі ұғым бірін-бірі түсінуде сәл жаңсақтық жіберсе, «сатқындық» дейтін жау тұтқиылдан шабуыл жасап, «адал достықтың» орнын алмастырады.