Акмолинский областной русский драматический театр

Жабайы. Үшінші сөз

Алехандро Касонның пьесасы бойынша құрылған «Жабайы. Үшінші сөз» қойылымы махаббат пен жастықтың мәңгілік тақырыбына арналған.

Театрлар тарапынан өткен ғасырдың соңғы онжылдықтарында ұмыт болып кеткен әйгілі испан драматургінің шығармашылығына үңілу кездейсоқ емес. Себебі автордың пьесасы лирикалық ноталармен, жан ашықтығымен, жастық авантюризм күшімен, романтикалық мақтаншақтық сезімімен көмкерілген бейнесі қазіргі заманның көрінісімен сәтті үндеседі. 

Қойылымда таулы ауылда туып-өскен Паблоның таза және бірбеткей көзқарасы мен шулы қаланың ашкөз, қатыгез жалған әлемімен қақтығысы айқын көрсетіледі. Бұл әлемнің жаман тұстарына қарамастан, кейіннен ол Паблоға, әйткенмен, бұрындары білмеген таңғалдырарлық сезімдер шоғын сыйлайды. 

Бақытты финалға қол жеткізу барысында басты кейіпкердің бастан кешіретін қиындықтары көп болмақ. Себебі өркениет даму үстінде тұрған, адам түріне қарап қабылдайтын қалалық өмірде оны ебедейсіз жабайы ретінде санап, ал оның кеңпейілдігі мен шыншылдығы келеке астында қалады, бұл өз алдынан көптеген түсініспеушіліктер мен әзілді жағдайларды тудырады. Осыған қоса, дұрыс әдептерге дағдылану өз бойына шыншылдық пен адамгершілік қасиеттерді сіңіруден анағұрлым оңайырақ екен. Алайда адам баласы қай жерде тұрсын-тұрмасын, ақыр соңында оның бір ақиқатқа көзі ашылады: адам тіршілігінің мағынасын қарапайым үш сөзбен ғана сипаттап беруге болады, олар: ӨМІР. АЖАЛ ЖӘНЕ... МАХАББАТ.