rebranding

Абай

Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди

«Абай»

4 бөлімді опера

Либретто авторы – Мұхтар Әуезов

 

26 қыркүйек күні – ұлттық классика жауһары – А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсы дирижер Алан Бөрібаев пен режиссер Джанкарло дель Монаконың жаңа қойылымында көрерменге жол тартпақ. Қойылымның музыкалық жетекшісі – театрдың бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаевтың партитураны жеткізе білуі ерекше: музыкалық материал анық-қанық түсіндіріліп, ой шыңының асқақ биігінде оқылған. Оның басқаруындағы оркестрдің үні де есте қаларлық!

Қазіргі заманның атақты сценографы Эцио Фриджерио мен костюмдер бойынша суретші – «Оскар» сыйлығының лауреаты Франка Скуарчапиноның керемет үйлескен шығармашылық жұбы сахна төрін түрлендіріп, бірегейлігімен тамсандырады. Осылайша, ақынның ішкі жан-дүниесінің байлығы Абайдың жұмыс орнының көрінісінде айқын байқалады: алтын түсті орасан зор кітапхана, глобус, армилляр (астрономиялық құрал), ұлы данышпандардың мүсіндері... Ал бөлменің есігі тұтас әлемге айқара ашылғандай!

Соңғы көріністе пайдаланылатын 3D-технологиясы өте орынды қосылып, шаттыққа толы әсерге бөлейді, жүректерді отансүйгіштік сезіміне толтырады.

 

 

БАСТЫ ПАРТИЯЛАРДА:

 

Абай –       Сүндет Байғожин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

                   Жанат Шыбықбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ажар –       Майра Мұхамедқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі /

                   Жаннат Бақтай, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі

Айдар –     Мейір Байнеш /

                    Нұрлан Бекмұхамбетов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Әзім –       Бейімбет Таңарықов / Рамзат Балакишиев

Жиренше – Евгений Чайников / Қазыбек Досмұхамбетов

Қарлығаш – Татьяна Вицинская / Малика Минизини

Көкбай – Талғат Ғалеев / Ержан Саипов

Сырттан –Барсег Туманян, Арменияның Халық әртісі / Болат Есімханов

Нарымбет – Рамзат Балакишиев / Ерұлан Кәмел

Мес – Нұрлыбек Қосбармақов / Хайдар Мұстапин

 

Бір үзілісті қойылым

Ұзақтығы – 2 сағат 30 минут

 

Қазақ тілінде орындалады

(орыс және ағылшын тілдеріндегі синхронды аудармамен)