Жан-дүнием рухты әуенге толы

КОНЦЕРТ

«Жан-дүнием рухты әуенге толы»

Рождество мерекесінің қарсаңында 21 желтоқсан күні Камералық залда «Жан-дүнием рухты әуенге толы» атты діни музыка кеші өтеді.

Бағдарламада И.С.Бах, В.А.Моцарт, Д.Каччини, Ф.Шуберт, Ш.Гуно, А.Дворжак, К.Сен-Санс, В.Гомес және барокка дәуірінен қазіргі заманғы стиль мен бағыттағы өзге композиторлардың вокалдық, аспаптық музыкасы шырқалады.

Осы музыкалық кеш көрермен қауымға жаңа жыл алдындағы таңғажайып көңіл-күй сыйлары анық.

 

Солистер:

Ғалия Байғазинова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (сопрано)

Жәмила Жарқымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано)

Жан Тапин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (тенор)

Азамат Жылтыркөзов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (баритон)

Мақпал Бекмұхамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (скрипка)

 

Халықаралық байқаулардың лауреаттары:

Асқар Мұқанов (виолончель)

Елена Ганжа (сопрано)

Мəдина Исламова (сопрано)

Малика Минизини (меццо-сопрано)

Шыңғыс Расылхан (баритон)

Батыржан Смақов (контртенор)

Азат Мәлік (баритон)

 

Концертмейстер – Раушан Бескемпірова