Scorpions в Алматы

Айдан келген қонақ (КАТМК)

Белгілі кейіпкерлермен кездесу кішкентай көрермендерді күтіп тұр, әйгілі мультфильмнің кейбір сюжеттері өзгеше нұсқада ұсынылады, ал кейбіреулері осы қойылымға арнайы жазылған. Керемет оқиға желісі, кейіпкерлердің шынайы және жарқын сөздері, бәріне түсінікті нәзік әндердегі ұғымды өнеге - осының барлығы Наталья Инжевскаямен жазылған ертегісінің либреттосымен ерекшеленеді. Қойылым басынан аяғына дейін ерекше дарынды қарағандылық сазгер Александр Журавлевтің қаламынан шыққан ерекше нәзік және әсем әуендермен сүйемелденеді. Композитордың авторлығынан шыққан көптеген әндерді театрдың репертуарларында естіген болғансыздар. Надежда Корниенконың режиссерлік еңбегі өз мақсатына жеткені сөзсіз: ол - өз ісінің майталманы, шебері. Ал актерлердің шеберлігін көрермендер неткен қуанышпен қарсы алады десеңізші! Сахна төрінде жарқыраған кейіпкерлер балалар мен ересектерді тәмсандырып, бітпес ду-қол шапалақтарды оятады. Кейіпкерлерді театрдың жетекші вокалистері дыбыстайды.