Репертуар театра им. Станиславского

Қыз Жібек

2021 / 2022                 Үлкен зал                  ІХ маусым

28 қазан * бейсенбі * 18.00

 

NUR-SULTAN THEATRE WEEK

ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНІҢ АШЫЛУЫ

 

«Астана Опера» театрының Үлкен залында жыл сайынғы NUR-SULTAN THEATRE WEEK театр фестивалінің ашылуы өтеді, аталмыш шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады. Фестивальдің бастамашысы әрі ұйымдастырушысы – Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі.

Фестивальдің қатысушылары: Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры, М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, «Жастар» театры, «Астана Балет» театры, Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония, Музыкалық жас көрермен театры (МЖКТ) және Әзірбайжан Мәмбетов атындағы Nomad City Hall театры. Фестивальдің арнайы қонағы – мәскеулік «Современник» театры.

Фестивальдің мазмұнды бағдарламасына бас қала театрларының алтын қорындағы театрлық қойылымдар, Қазақстанның үздік театр қайраткерлерінің режиссура, актерлік техника, сахналық сөйлеу мәнері, сахналық қозғалыс, перформативті тренинг сынды ашық шеберлік сабақтары, сондай-ақ көркемдік көрмелер, елордалық әртістердің шығармашылық концерттері енген.

NUR-SULTAN THEATRE WEEK театр фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының сахнасында Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсының көрсетілімі алдында өтеді.

 

* * * * *

 

Евгений Брусиловский

«Қыз Жібек»

Эпилогы бар 2 бөлімді опера

Либретто авторы – Ғабит Мүсірепов

Жаңа музыкалық редакция авторы, қоюшы дирижер – Абзал Мұхитдин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Дирижер – Руслан Баймурзин

Қоюшы режиссер – Михаил Панджавидзе

Қоюшы суретшілер – Софья Тасмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері / Павел Драгунов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Хормейстер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы балетмейстер – Мукарам Авахри, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Проекциялар бойынша суретші – Павел Суворов

Жарық бойынша суретші – Сергей Шевченко

Консультант – Асхат Маемиров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Режиссердің ассистенті – Еренбақ Тойкенов

Костюмдер бойынша суретшінің ассистенті – Арасель Досмұратова

Балалар хорының жетекшісі – Алтынғаным Ахметова

 

Қазақтың алғашқы «Қыз Жібек» операсы 1934 жылы Қазақ музыкалық театрының сахнасында (қазіргі Абай атындағы МАОБТ) қойылып, бірден ұлттық музыкалық өнердің інжу-маржанына айналды. Танымал дирижер Абзал Мұхитдин және режиссер Михаил Панджавидзе ұлттық классиканың жаңа қырын ұсынуда. 3D-технологияны пайдаланудың арқасында «Қыз Жібек» ұлттық лиро-эпостық поэмасының кезеңдері көрерменнің көз алдында жандана түседі: проекцияда көрсетілген керуеннің қозғалысы кенеттен сахнадан жалғасын тауып, тірі жылқылар мен түйелердің қатысуымен жүріп өтеді. Суретшілердің шынайы көлемде жасаған қала дуалдары бір сәтте қозғалып, Базарбай Сарайының жанындағы алаң тіршілігіне жол ашылады. Көздің жауын алар киімдер, бейне инсталляция, жарық бойынша суретшінің қызықты жұмысы, ең бастысы – бала күнімізден бәрімізге де таныс музыка, солистердің керемет дауыстары және оркестрдің үндескен дыбысталуы «Қыз Жібек» операсын ұмытылмас ерекше етері сөзсіз.

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

Жібек – Жамиля ДЖАРКИМБАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Төлеген – Мейір БАЙНЕШ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Бекежан – Талғат ҒАЛЕЕВ

Шеге – Бейімбет ТАҢАРЫҚОВ

азарбай – Жанат ШЫБЫҚБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қамқа – Гүлжанат САПАҚОВА

Қарлығаш – Әсем СЕМБИНА

Батсайы – Салтанат МҰРАТБЕКОВА

Дүрия – Бибігүл ЖАНҰЗАҚ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Қойылымның ұзақтығы – 2 сағат 20 минут (бір үзіліспен)

 

Қазақ тілінде орындалады

(орыс және ағылшын тілдерінде синхронды аудармамен қамтылған)

 

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОРКЕСТРІ, ХОРЫ,

БАЛЕТІ, МИМАНСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАР СТУДИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ

 

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады