Репертуар театра им. Станиславского

30 маусым. Астананың 20 жылдығына орай, «Астана Балет» театрының сахнасында әлемдік балет жұлдыздарының гала концерті өтеді.

30 маусым. Астананың 20 жылдығына орай, «Астана Балет» театрының сахнасында әлемдік балет жұлдыздарының гала концерті өтеді.

«Eurasian Dance Festival» ІІ Халықаралық балет өнері фестивалінің аясында өткізілетін Гала концертке әлемнің жетекші тетрларының премьерлері мен прима-балериналары қатысады:

- Иван Васильев (Михайлов театр, Санкт-Петербор),

 - Анастасия Сташкевич (Үлкен театр, Мәскеу),

- Фридеман Фогель мен Мария Эйхвальд (Штутгарт Мемлекеттік балеті),

- Майя Махатели (Голландия Ұлттық балеті)

- Филиппа де Кастро мен Карлос Пинильос (Португалия Ұлттық балеті),

- Бахтияр Адамжан, Мадина Баспаева мен Еркін Рахматуллаев (Astana Opera, Астана)

Кеш барысында заманауи хореографтардың қойған билері, ХХ ғасырдағы әйгілі балеттердің үзінділері, сонымен қатар, әлемдік классикалық хореографияның жауһарлары саналатын туындылардан дуэт пен соло орындалады.