ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қарағанды
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Баядера (КАТМК)

Баядера (КАТМК)

Сипаттама

Одетта - Баядера ол үшін Лагор ханзадаларына шетел қыздарымен тұрмыс құруға тиым салатын ежелгі заңға да қарсы шығуға дайын тұрған Раджами ханзадаға ессіз ғашық болады. Алайда ханзада... тақтан бас тартады. Одетта үлкен қадамға бел бумақ: атастыру жарияланғаннан кейін ол өтірік қойылым ойнатып, бәрін әзілге айналдырады. Раджами басқа жаққа жол тартпақшы, ал Одетта сахнаны тастап кетеді. Ғашықтардың жүректері жаралы... Бірақ кенеттен олардың үйленуіне рұқсат беріледі. Барлығы бақытты. Шындық пен арман, орхидея гүлінің тәтті хош-иісі мен айыптау ащылығы, махаббат баурауы мен күтпеген тосынсыйлар бірге қосылған Имре Кальманның еріктіргіш саздары Шығыс әлеміне баурайды. Ал оқиға соңы әдеттегідей өте көркем және жарқын. «Әйел нені қаласа, Құдай да соны қалайды» деген әйгілі афоризм бүкіл желінің метафорасына айналады.

Қойылымның ерекшеліктері

Елена Езерская либереттосы бойынша қойылған «Баядера" қойылымы өте қызықтырғыш және көркем. «Ресей Қазақстан» жобасы шеңберінде 2003 жылы Ресейден арнайы шақырылған қойылым тобы классикалық оперетта болса да, сюжетті ерекше және жарқын көрсетуге тырысты. Татьяна Спасоломская дайындаған декорациялары шығыс елінің ерекшеліктерін аса дәлдікпен, асқан әсемділікпен ерекшеленеді. Костюмдер де сонылап тігілген, бұл еріктіргіш шығыс колоритінің әсерін одан әрі күшейтеді. Хореографиялық орындаулар қойылым серпініне әдемі біріктірілген. Экзотикалық реңкілік беріп, оны нығайтатын бөлек сюиттер де байқалады. Оперетта ең жағымды әсер қалдырады және әрбір талғампаз көрермен де оны әрқашан сүйсіне тамашалайтыны сөзсіз.

Қойылымда театрдың жетекші вокалистері, хор және балет әртістері қызмет атқарады

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    КАТМК, Бұқар Жырау даңғылы, 32/2

  • Премьера күні

    30 тамыз 2003 ж

  • Қоюшы Режиссер

    Людмила Налетова

  • Жанр

    2 актідегі Оперетта

  • Ұзақтығы

    2 сағат 20 минут

  • Қоюшы-балетмейстер

    М. Лепилина (Ресей, Мәскеу)

  • Қоюшы-дирижер

    Валентин Богданов

  • Қоюшы-суретші

    Татьяна Спасоломская

  • Хормейстер

    Татьяна Борисовна Штыкова

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 13
    Қазан
    Жекс
    KATMK
    ДКГ
    бастап 700 ₸
    бастап 700 ₸