Спортивные матчи Караганда

Актерді өлтірген кім?..

Әсел есімді жас қызға кісі өліміне айыпты деп жала жабылады.  Оны даттаушылардың бет пердесі сот процесі барысында ашылады.  Адамгершіліктің ала жібін аттаудан дес бермей тұрған бұл топтың мүддесін қорғаушылардың арасында, өкінішке қарай,  заң қызметкерлері де бар. Дегенмен де оқиғалары мен психологиялық шым-шытырығы мол спектакльде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің адам тағдырына деген үлкен жауапкершілігі мен жоғары кәсібилігі арқасында жас қыз ақталып шығады.   Өркениетті де еркін, жауапкершілікті қоғам құрудың басты бір шарты да  осы.  Заңның  салтанат құруы.