Репертуар театра им. Станиславского

Ақбөбек (Н. Жантөрин атындағы драма театр)

Ақбөбек (Н. Жантөрин атындағы драма театр)

Жанр: музыкалық драма

Автор - С.Назарбек

Режиссер - Г.Мерғалиева

Художник - М. Мақсұтұлы

Ақбөбек пен Қайып оқиғасы ел ішінде аңыз түрінде де, тарихи дерек ретінде де кең таралған ғашықтар баяны. Осы жолдардың авторы – бұл оқиғаны зерттеушілердің бірі. Ал, Маңғыстау облыстық драма театрында сахналанған «Ақбөбек» – көркем шығарма.

Әлқисса, Адайдың Бәйімбет руындағы Есжан байдың асқан сұлу бойжеткен қызы Ақбөбекті Жеменейдің Кедей тайпасынан шыққан дәулетті Итбай бай баласы Есбергенге қосуға уағдаласып, екі жақ құдаласады. Айттырулы қызының жасауын дайындату үшін әкесі арнайы жәрмеңкеге барып, Адай түгіл Алшынға, Алшын түгіл Алашқа аты мәлім сері, ақын, сазгер әрі әнші, ең бастысы қолы шебер – сегіз қырлы, бір сырлы жігіт Қайып Қорабайұлын ауылына ертіп әкеледі. Ол елге келе салысымен күндіз тынбай іс қылса, кешке таман ауыл жастарының жиын тойларына қатысып, ән мен жырдан шашу шашып, өнерімен көпшілікті тәнті етеді. Қыз біткеннің жүрегін жаулап алған Қайыптың бір ғана айыбы – қолының қысқалығы еді.