rebranding

«Дала үні»

 

2021 / 2022 Үлкен зал ІХ маусым

21 қаңтар * жұма * 19.00
22 қаңтар * сенбі * 17.00

«Дала үні»
2 бөлімді балет

Әдеби-көркемдік либретто авторы – Бақыт Қайырбеков

Либреттоның хореографиялық адаптациясының авторы – Жан Франсуа Вазель
«Астана Опера» театрының сахнасында танымал хореограф Патрик де
БАНАНЫҢ қойылымындағы «Дала үні» балеті көрсетіледі.
Бұл – заманауи хореография тілімен баяндалған ержүрек Шебердің асқақ
арманы туралы өсиет әңгіме.
Хореографтың мақсаты – оқиғаны баяндамау, керісінше айналасына
көрерменнің өзі жеке сюжет құра алатын үзінділерді көрсету. Міне, сол кезде
Самұрық құс туралы аңыз поэзиялық тұспалға айналып, қаһарманның өмір жолын
бақылауға мүмкіндік береді. Ал аталған поэзиялық аллегорияға әмбебап сипат үстеу
үшін хореограф Бақсы, Әке, Ана, Ұлдың... жиынтық бейнелеріне жүгінеді.
Осылайша қайта бұзу мен қайта жаңғырту жолын жүре отырып, хореограф
бізге бастама бағытын ашады – тағдырдың игілігімен бала сынақтардан өтіп, ерге,
ал ер Шеберге айналады.
Балетте Қуат Шілдебаев, Ренат Гайсин, Төлеген Момбеков, Карлос Пино-
Кинтананың туындылары, сондай-ақ «Тұран», «Хассақ» фольклорлық-
этнографиялық ансамбльдері және «Steppe Sons» этно-джаз тобының
репертуарындағы музыкалық композициялар пайдаланылған.

Балет труппасының көркемдік жетекшісі –
Алтынай АСЫЛМҰРАТОВА, Ресейдің Халық әртісі

Ұзақтығы – 1 сағат 40 минут (бір үзіліспен)

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады