Золушка

Бұл ертегіден балғын көрермендер қайырымдылық пен қатыкездіктің мәңгілік майданынан қаршадай болса да қайсар қыз Золушканың қалай жеңіп шығып, ханзадамен көңіл қосқанын тамашалай алады.  Өгей қыз Золушканың қиын тағдырына ортақтасып, өгей шешенің қатыгездігі мен оның туған қос қызының оспадарлығына налиды.  Бірақ туған әкенің махаббаты, кіндік шеше Фея періштенің қамқорлығы және жұдырықтай жүректері «жақсылық» деп соққан кіп-кішкентай көрермендердің ыстық ықыласы алмайтын қамал бар ма – бәрі жақсы аяқталады.