Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

Камералық музыканың алтын беттері

«Камералық музыканың алтын беттері»

Қазақстан Республикасының мемлекеттік триосы «Форте-трио» концерті

(№4 концерт)

 

Қазақконцерттің шығармашылық ұжымы – Қазақстан Республикасының мемлекеттік «Форте-трио» триосы жоғарғы музыка өнерімен танысу мүмкіндігін сыйлайды. Бұл «Камералық музыканың алтын беттері» топтамасының төртінші концерті. Трио құрамында халықаралық байқаулардың лауреаттары: Қазақстан мемлекеттік симфониялық оркестрінің бірінші скрипкасы – Еркебұлан Сапарбаев, виолончелист – Мұрат Нарбеков, белгілі пианист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев.

 

Тимур УРМАНЧЕЕВ (көркемдік жетекші)

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітіріп, осында ассистентура-тағлымдамадан өткен (профессор В.Тебенхин, Ж.Әубәкірова сыныбы). ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының сыйлығына ие.

ҚР Мемлекеттік симфониялық оркестрі, «Қазақстан камератасы» мемлекеттік оркестрлерімен, белгілі музыканттар – Мишель Летьек, Майра Мұхамедқызы, Әлібек Дінішевтермен бірлесіп жұмыс істеді.

Мәскеу халықаралық музыка үйі, Мәскеу консерваториясы, Ресейдің Үлкен театры, Венадағы Muzikverein (Австрия), Женевадағы Les Salons (Швейцария), Виндзор сарайы (Ұлыбритания) Камералық залдарында өнер көрсетті.

Халықаралық және республикалық байқаулардың қазылар алқасының мүшесі. Италия, Франция, Германия, Ресей, Швейцария, Ұлыбритания елдерінде гастрольдік сапарларда болды.

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут

 

Дирекция өзіне орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады