rebranding

«Музыканың алтын ғасыры»

2020 / 2021                    Камералық зал            VІІІ маусым

26 қаңтар * сейсенбі * 19.00

 

Концерт

«Музыканың алтын ғасыры»

Қазақстандық танымал музыканттар, «Астана Опера» театрының солистері мен әртістері «Музыканың алтын ғасыры» топтамасынан концерт ұсынады. Бағдарламада батыс еуропалық және орыс композиторларының (А.Скарлатти, Т.Витали, Т.Альбинони, А.Вивальди, Г.Гендель, Л.Боккерини, М.Глинка, П.Чайковский, П.Масканьи, И.Хальворсен) туындылары шырқалады.

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Талғат МҰСАБАЕВ (баритон) – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері, «Астана Опера» театрының жетекші солисі. Әншінің репертуарында «Абай», «Біржан – Сара», «Евгений Онегин», «Аида», «Богема», «Мадам Баттерфляй», «Кармен» және т.б. опералардың жетекші партиялары бар.

Ол К.Пендерецкий, Р.Салаватов, Ф.Мансұров сынды атақты дирижерлермен; Д.Ливермор, Д.дель Монако, Э.Скола, Ю.Александров сияқты режиссерлермен ынтымақтастықта жұмыс істеген. Әнші санкт-петерборлық Мариин театры, Нью-Йорктегі Карнеги-холл, Вашингтондағы Кеннеди-орталығы, Будапешттегі Ф.Лист академиясы, Берлиндегі Концертхаус, Каир операсы, Париждегі Гаво залы, Бейжіңдегі Ұлттық өнер орталығы, Венадағы Концертхаус, Украина ұлттық операсы, ЮНЕСКО-ның Гранд-аудиториясы және т.б. әлемнің айтулы сахналарында өнер көрсетті.

 

Қаламқас ЖҰМАБАЕВА (скрипка) «Астана Опера» театры симфониялық оркестрінің солисі және бірінші скрипкасы. Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер саласындағы жоғары жетістіктері үшін Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты атанған. Көптеген беделді халықаралық байқаулардың Гран-при иегері және лауреаты. Жеке орындайтын репертуарында қазақстандық, орыс және батыс еуропалық композиторлардың шығармалары бар. В.Гергиев, Ш.Дютуа, Э.Липер, К.Дженкинс, А.Анисимов, И.Вильднер, Е.Бушков, А.Аллеманди және т.б. атақты дирижерлермен ынтымақтастықта жұмыс істеді.

 

Курванжан АХАТОВ (виолончель) – Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі. Краснояр және Новосібірдегі халықаралық байқаулардың лауреаты. Университетте оқып жүрген кезінде-ақ Еуразия симфониялық оркестрінің виолончельдер тобының концертмейстері болып, Еуропа және Америка елдеріне гастрольдік сапарларға шықты. Музыканттың репертуарында Қ.Қожамияров, Б.Баяхунов, Б.Қыдырбек, С.Әбдінұров және Х.Сетековтің виолончельге арналған туындылары алғаш орындалды.

2013 жылдан бастап «Астана Опера» театры оркестрінің әртісі лауазымын атқарып, қойылымдық спектакльдерде жеке партияларды жиі орындайды.

 

Ажар ҚАДЫРОВА (виолончель) – П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының түлегі. Халықаралық байқаулардың лауреаты. Ұзақ уақыт К.С.Станиславский мен Вл.Немирович-Данченко атындағы Мәскеу академиялық музыка театры оркестрінің әртісі болып қызмет етті. Қазіргі уақытта «Астана Опера» театры симфониялық оркестрінің әртісі болып табылады.

 

Долорес ҮМБЕТӘЛИЕВА (фортепиано) – халықаралық байқаулар мен фестивальдердің бірнеше мәрте жеңімпазы, соның ішінде «Шабыт»-2001 халықаралық шығармашыл жастар байқауы дипломының, «Бибігүл Төлегенованың VII халықаралық вокалистер байқауының үздік концертмейстері» дипломының иегері (2014). Долорес Үмбетәлиева ХIХ ғасыр романтик композиторларының шығармашылығына арналған «Музыканың алтын ғасыры» концерттер сериясын жалғастыруда.

 

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ КАМЕРАЛЫҚ ОРКЕСТРІ

Дирижер – Арман ОРАЗҒАЛИЕВ

 

Арман ОРАЗҒАЛИЕВ «Астана Опера» театрының дирижері. Оның репертуарында Дж.Верди, Р.Вагнер, Г.Доницетти, В.Беллини, Дж.Пуччини, М.Төлебаев, Е.Брусиловскийдің опералары; П.Чайковский, А.Адан, Л.Минкус, С.Прокофьев, Н.Римский-Корсаков, И.Стравинский, Х.Левенсхольд, Ғ.Жұбанова, А.Серкебаев және т.б. композиторлардың балеттері бар.

М.Жаррдың «Париж Құдай анасының соборы», Л.Минкустың «Баядерка» және «Дон Кихот», Ж.Массненің музыкасына «Манон», жаңа редакциядағы П.Чайковскийдің «Аққу көлі», А.Аданның «Корсар» және «Жизель», Л.Делибтің «Коппелия» балеттерінің; А.Райымқұлованың музыкасына К.Звереваның «Заман тынысы», М.Фокиннің «Шопениана» (Ф.Шопеннің музыкасына) және «Шехеразада» (Н.А.Римский-Корсаковтың музыкасына) бір бөлімді балеттерінің қоюшы дирижері.

 

 

БАҒДАРЛАМА:

Г.Ф.Гендель. «Оттон» операсынан Оттонның ариясы

Т.Альбинони. Adagio («Адажио»)

Г.Ф.Гендель.  «Саул» ораториясынан ария

А.Адан. Minuit, chrétiens («Қасиетті түн»)

А.Скарлатти. Фортепианоға арналған такката, ре минор

Г. Гендель-И.Хальворсен. Скрипка мен виолончельге арналған пассакалия

Л.Боккерини. Рондо

А.Вивальди. Екі виолончель мен ішекті аспаптар оркестріне арналған концерт, соль минор

М.Глинка. В.Беллинидің «Сомнамбула» операсының тақырыбына тамаша дивертисмент

П.Масканьи. «Ауыл абыройы» операсынан интермеццо

П.Чайковский. Ішекті аспаптар оркестріне арналған серенада, до мажор, 2-бөлім

Т.Витали. Чакона

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 40 минут

 

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады