rebranding

Романтикаға толы өмір

Камералық музыка кеші

РОМАНТИКАҒА ТОЛЫ ӨМІР

(Қазақстандағы Франция Елшілігінің қодауымен)

«Астана Опера» театрының Камералық залында «Гермес» (Лион, Франция) ішекті квартетінің қатысуымен «Романтикаға толы өмір» атты камералық музыка кеші өтеді.

«Гермес» квартеті – болашақта үміт күттіретін жас ұжымдардың бірі. Оның музыканттары – 2008 жылдан бастап бірге өнер көрсете бастаған, Лион Жоғары ұлттық консерваториясының түлектері. Германияда профессор Эберхард Фельтцта шеберліктерін шыңдаған. Қазіргі уақытта – Елизавета Патшайым Музыкалық капелласының резиденттері.

«Гермес» – Лион (2009), Женева (2011), Нью-Йорктегі (2012) халықаралық байқаулардың бірінші сыйлықтарының лауреаттары.

Музыканттар Вашингтондағы Кеннеди орталығы және Нью-Йорктегі Карнеги-холлда, туриндік Линготто театрында, Болонья филармониялық академиясы мен Мантуяның Бибиена театрында өнер көрсетіп, Оранжэри де Со (Orangerie de Sceaux), Перигор Нуар (Périgord Noir), Монпельедегі «Радио Франс», Саудағы Моцарт, Орндағы «Музыкалық қыркүйек», Париждегі «Музыкоград», Берлиндегі «Mecklenburg-Vorpommern» және «Crescendo», Австриядағы «Lockenhaus» фестивальдеріне қатысты.

Музыканттар, бірнеше марапаттарға ие болған (CHOC de Classica, Télérama The Strad, Qobuz, France musique...) Й.Гайдн мен Л.Бетховен (2012) шығармаларына жазылған альбом, Шуман ішекті квартеттерінің толық басылымын (2014) шығарды.

 

Концерт бағдарламасында:

Феликс Мендельсон. Фа минор ішекті концерті, 80-ші шығ.

Антонин Дворжак. №12 ішекті квартеті («Американский»), 96-ші шығ.