Google ad services
Скачай новое приложение Ticketon

«ЖИЗЕЛЬ»

2020 / 2021                 Үлкен зал                  VIІІ маусым

16 / 17 / 18 наурыз * сейсенбі / сәрсенбі / бейсенбі * 19:00

 

 

Адольф Адан

«ЖИЗЕЛЬ»

Екі бөлімді балет

 

ҚОЙЫЛЫМДЫҚ ТОП

Қоюшы балетмейстер – Алтынай Асылмұратова, Ресейдің Халық әртісі

Қоюшы балетмейстердің ассистенттері – Константин Заклинский, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі / Елена Шерстнева

Қоюшы дирижер – Арман Оразғалиев

Қоюшы сценограф – Эцио Фриджерио

Костюмдер бойынша суретші – Франка Скуарчапино

Жарық бойынша суретші – Винченцо Рапони

 

 

Оқиға негізінде орман перілері туралы аңыз жатыр. Бұл – бақытсыз махаббат салдарынан қайтыс болған елес қыздар, олар ендігі жерде жас жігіттерден кек алуда. Некеқияр көйлектерін киген қыздар оларды есінен танып құлағанша шыр айналдырып билетеді. Француз әдебиетшісі Теофиль Готье бұл аңызбен неміс романтигі Генрих Гейненің жазғаны бойынша танысқан. Олар сценарист Жюль Сен-Жоржбен бірге «Жизельдің» сюжетін санаулы күндер ішінде ойлап табады. Адольф Адан партитураны бар болғаны үш аптада аяқтаған. Хореограф ретінде хас шебер Жан Коралли мен жас Жюль Перро шақырылды.

1841 жылдың 28 маусымында париждік Гранд-операда өткен тұсаукесерінен кейін, «Жизель» балет өнерінің айтулы жетістігіне айналды. Әсерлі сюжеті мен хореография арасындағы өзара тамаша үндестігі «Жизельдің» жолын ашып, болашағын жарқын етті. Ең алдымен, балеттің Ресейде бағы жанды. 1850 жылдары Петерборда балет өзінің авторларының бірі – Жюль Перроның қарамағында болып, одан әрі жетілдіріледі. Алайда, би көріністерінің түпкілікті өзгертулері хореографияның үшінші авторы атанған Мариус Петипаға тиесілі.

Жизель партиясының тұңғыш орындаушысы Карлотта Гризи болған, әр кездері аталмыш рөлде Тамара Карсавина мен Анна Павлова, Ольга Спесивцева және Галина Уланова, Наталия Бессмертнова, Алтынай Асылмұратова… сияқты атақты балериналар билеген.

«Жизельдің» сюжеті анық әрі жинақы: екі бөлім – қос әлемді суреттейді – арман мен қатал өмірдің қарама-қайшылығын көрсететін шындық пен қиял-ғажайып дүние.

«Жизельдің» басты байлығы – оның хореографиясы. Суреттеу құралдарының ішінде арабеск басым – бұл классикалық бидің әдемі бір түрі. Перілер патшалығын бейнелейтін жаппай көріністердің хореографиясы көрермендерді әрдайым баурап алады. Талғам, сән және уақыт үнемі ауысып отырса да, «Жизель» әрқашан сұранысқа ие болып қала бермек.

 

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

16 НАУРЫЗ

Жизель –      Әйгерім БЕКЕТАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Альберт –    Еркін РАХМАТУЛЛАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  

 

Ганс –           Сұлтанбек ҒҰМАР (алғаш өнер көрсетуі)

 

Мирта –       Елена СЕМЕНОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Вильфрид – Олжас ӘНУАРБЕК

 

Кіріспе па-де-де – Мөлдір ШӘКІМОВА, Айбар ТОҚТАР

 

* * *

 

17 НАУРЫЗ

Жизель –      Анастасия ЗАКЛИНСКАЯ

 

Альберт –    Олжас ТАРЛАНОВ

 

Ганс –           Данияр ЖҰМАТАЕВ

 

Мирта –       Еркежан ЖҮНІСОВА

 

Вильфрид – Жаңанұр ЖАҢАБЕКОВ

 

Кіріспе па-де-де – Марико КИТАМУРА, Евгений РЫБКИН (алғаш өнер көрсетулері)

 

* * *

 

18 НАУРЫЗ

Жизель –      Гауһар УСИНА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (алғаш өнер көрсетуі)

 

Альберт –    Бақтияр АДАМЖАН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Ганс –           Николай КОРШУНОВ (алғаш өнер көрсетуі)

 

Мирта –       Елена СЕМЕНОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Вильфрид – Олжас ӘНУАРБЕК

 

Кіріспе па-де-де – Мөлдір ШӘКІМОВА, Айбар ТОҚТАР

 

 

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ ЖӘНЕ ОРКЕСТРІ

 

 

Ұзақтығы – 2 сағат 10 минут (бір үзіліспен)