Scorpions в Алматы

Ынтымағы жарасқан елім!

Алғыс айту күніне арналады

«Ынтымағы жарасқан елім!»

мерекелік концерті

Алғыс айту күні «Астан Опера» Камералық залында «Ынтымағы жарасқан елім!». Атты мерекелік концерт өтеді.

1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. 2015 жылы Ассамблеяның 20 жылдығын тойлау барысында Елбасы бұл күнді барлық этностардың бір-біріне және үй-жайсыз қалған адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға деген қайырымдылығын білдіретін Алғыс айту күні деп атап өтуді ұсынды. Мұндай тамаша дәстүрді енгізу қазақстандықтарды одан әрі жақындастырып, болашақта мейірімділік пен махаббаттың жарқын мерекесі бола түспек.

Мерекелік концертке театр әртістері қатысады. Бағдарламада – қонақжай қазақ жерінде бір шаңырақ астында ынтымақтастықта өмір сүріп жатқан Қазақстан халықтарының әндері орындалады. Көпұлтты еліміздің музыкалық дәстүрлері тоғысқан концерт көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлары анық.

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут