rebranding

Махаббат әуендері тағы естілді

Концерт

«МАХАББАТ ӘУЕНДЕРІ ТАҒЫ ЕСТІЛДІ»

4 наурыз күні «Астана Опера» театрының Камералық залында «Махаббат әуендері тағы естілді» атты мерекелік концерті өтеді.

Махаббат тақырыбындағы бұл әуендер – сүйікті ханымдар үшін көктемгі мерекеге тамаша тарту болмақ. «Астана Опера» театрының үздік солистері жан толғандыратын, әрі сезімге толы ХХ ғасырдағы қазақ және орыс композиторларының лирикалық әндерін, сондай-ақ, әйгілі неаполитан әндері мен романстарын ұсынатын болады. Сонымен қатар, «Астана Опера» балалар хоры мен аспапшы музыканттар өз өнерлерімен кештің көркін аша түседі.

 

Орындаушылар:

Салтанат Ахметова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано)

Жаннат Бақтай, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (сопрано)

Маргарита Дворецкая, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано)

Альфия Каримова, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі (сопрано)

Дина Хамзина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (меццо-сопрано)

Байғали Момбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (тенор)

Жан Тапин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (тенор)

Талғат Ғалеев (баритон)

 

«Астана Опера» театрының балалар хоры, солист – Қажимұрат Еркін,

жетекшісі – Алтынғаным Ахметова

 

Кирилл Красюков (скрипка)

Наргиз Ережепова (скрипка)

Жанар Ахатова (альт)

Курванжан Ахатова (виолончель)

Анатолий Якушкин (контрабас)

Александр Малиновский (туба)

Жәнібек Бекмәдиев (соқпалы аспаптар)

Елена Сахно (фортепиано)

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады