Scorpions в Алматы

2019/2020            Камералық зал           VIІ маусым

VIVALDI

Stabat Mater

•           Өтетін орны: «Астана Опера» театрының Камералық залы

•           Күні мен уақыты: 14 сәуір 2020 ж.  /  сейсенбі  /  19:00

•           Ұзақтығы:  1 сағат 30 минут

•           Жас шектеуі:  7+

•           Қосымша: залға үшінші қоңыраудан кейін кіруге, фото және бейне түсірілім жасауға, 7 жастан кіші балалармен спектакльге келуге тыйым салынады.

 

* * * * *

 

 

2020 жылғы 14 сәуірде театрдың Камералық залында бағдарламасына А.Вивальди, А.Скарлаттидің туындылары, сонымен қатар барокко дәуіріндегі өзге де батыс еуропалық композиторлардың шығармалары енген барокко музыкасының концерті өтеді.

 

Қазіргі заманғы тыңдармандардың сүйіп тыңдайтын мәңгі өшпес барокко музыкасы контртенор Батыржан Смақов пен Anima di Barocco ішекті аспаптар квинтетінің орындауында шырқалады.

Биыл барокко дәуірінің итальяндық композиторы А.Скарлаттидің мерейтойлық жылында (туғанына 360 жыл) музыканттар барокконың хас шеберін құрметпен еске алады.

Әйгілі «Жыл мезгілдеріне» тамсана отырып, біз олардың авторын рухты романтик әрі табиғатқа шексіз ғашық адам ретінде көз алдымызға елестете аламыз. Алайда Антонио Вивальдидің дін қызметшісі болғанын ұмытпау керек. Оның Stabat Mater және Nisi Dominus шытырман фантазиясы еркіндік шеңберінен аса алмаған. Ол сан ғасырлар дәстүрінің алып ағашында гүл тәрізді жайқала бастады. «Stabat Mater dolorosa» («Мать скорбящая стояла») – Құдай ананың жеті қасіретті күні, сондай-ақ Қасіретті аптадағы Ұлы жұмада орындалатын ортағасырлық діни өлең. Голгофадағы крест түбінде Құдай ананың бейнеттері туралы баяндайтын латындық өлеңдер 200-ден астам композитордың, олардың ішінде Перголези, Гайдн, Шуберт, Россини, Лист, Верди, Пуленк, Пярттың музыкасына арқау болған.

Концертте Антонио Вивальдидің «Stabat Mater» туындысы шырқалады.

 

 

БАҒДАРЛАМА:

А.Вивальди. Stabat Mater

А.Вивальди. Nisi Dominus

А.Вивальди. «Жыл мезгілдері» топтамасының «Жаз» концертінен «Найзағай» (соль минор RV 315)

А.Скарлатти. Totus amore languens

 

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Солист:

Батыржан Смақов, халықаралық байқаулардың лауреаты (контртенор)

 

Anima di Barocco ішекті аспаптар квинтеті:

Мәдина Капеу (скрипка)

Мәдина Бекмадиева (скрипка)

Анастасия Мартынова (альт)

Дарья Мартынова (гитара)

Әлішер Дүтбаев (виолончель)

 

Фортепиано партиясы – Раушан Бескембирова

 

Жобаның арт-директоры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Раиса Мұсақожаева

 

 

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады