Scorpions в Алматы

Кешкі серенада

2016 / 2017               Камералық зал                   IV маусым

21 маусым * сәрсенбі * 19.00

«Музыка және оның шығарушылары туралы» циклі

«Кешкі серенада»

(Шубертиана)

2017 жылдың 21 маусымда австриялық композитор Франц Шуберттің туылғанына 220 жыл толуына арналған «Музыка және оның шығарушылары» циклінен «Кешкі серенада» атты камералы-аспаптық музыка концерті өтеді.

Кеш бағдарламасында ұлы романтиктің камералы-аспаптық және вокалдық шығармалары орындалады.

Шуберт шығармаларының қатарында – опералар, драмалық қойылымдарға арналған музыка, симфониялар, үрлемелі және камералық шығармалар бар. Сонымен қатар, оның шығармашылығында камералы-вокалдық музыканың орыны ерекше. Шуберт ән жанрын түрлендіріп, вокалдық циклдың алғашқы нұсқаларын дүниеге әкелді. В.Мюллердің өлеңіне жазылған «Сұлу диірменші қыз» және «Қысқы жол» циклдары композитор шығармашылығының, тіпті күллі музыкалық романтизмнің айнымас айнасына айналды. Шуберт 600 астам әннің авторы.

Композитордың камералы-вокалдық шығармаларына арналған концертте опера солистері және аспапшы музыканттар өнер көрсетеді.

Бағдарлама:

Фортепиано квинтеті, A-dur, «Форель», D 667;

Виолончель мен фортепианоға арналған «Арпеджионе» сонатасы, a-moll, D 821;

Скрипка мен фортепианоға арналған соната, A-dur, D. 574;

Вальтер Скоттың «Су перісі» поэмасынан Элленнің 3-ші әні, ор.52, D 839;

Серенада, «Аққу әні» топтамасынан

Баркарола, op.72

Орындаушылар:

Айгүл Ниязова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (сопрано)

Батыржан Смақов (контратенор)

Мақпал Бекмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (скрипка)

Нығметолла Кәрімов (альт)

Асқар Мұқанов (виолончель)

Анатолий Якушкин (контрабас)

Раушан Бескемпірова (фортепиано)

Салтанат Ақбасова (фортепиано)

 

 

Концерттің ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады