rebranding

Виолончельге арналған музыка кеші «Неміс классикасы»

2018 / 2019 Камералық зал VI маусым

10 ақпан * жексенбі * 17.00

Виолончельге арналған музыка кеші

«Неміс классикасы»

 

«Неміс классикасы» камералық музыка концертінде танымал қазақстандық музыкант, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының мәдениет пен өнер саласындағы лауреаты, халықаралық байқаулардың лауреаты Ермек Құрманаев пен пианист Анара Камельинованың орындауында неміс классиктерінің (Л.Бетховен, И.Брамс) виолончельге арналған сонаталары шырқалады.

Бетховен мен Брамс шығармалары – әлем мәдениетінің ерекше құбылысы. Олардың туындылары – музыка өнерінде орын алған әсемдік атаулының квинтэссенциясы.

Бетховеннің ор.5 екі сонатасы жас кезінде (26 жасында), 1796 жылы Венадан үлкен сапарға аттанғанда жазылған. Бетховен виолончельге арналған қос сонатасын (ор.5) патшаға арнап, оны сарайда капельмейстер Жан-Пьер Дюпордың інісі Жан-Луи Дюпормен бірге ансамбльде орындады. Жауап ретінде монарх композиторге дәл елшілерге сыйлайтындай етіп, луидорға толы алтын сауытты тарту етті.

Брамстың сарқылмас шығармашылық фантазиясына оның сонаталары дәлел бола алады – олардың әрбіреуі қайталанбас, дара.

Вионлончельге арналған сонаталардың озық үлгілерінің біріне айналған №2 ор.99 F-dur сонатасы. Шығармаға сол заманның әйгілі виолончелисі Роберт Хаусман тапсырыс берген. Композитор 1886 жылдың жаз айын Швейцариядағы Тун көлінде өткізген кезінде виолончелистің тілегі орындалды. Соната Вена музыкалық одағының Кіші залында шырқалды.

Аталған туынды виолончелистер репертуарында өзінің лайықты орнын тапты. Оны орындаушылардың қатарында – Пабло Казальс, Пьер Фурнье, Йо-Йо Ма және өзге де атақты музыканттар бар.

 

БАҒДАРЛАМА:

Л. ван Бетховен. Виолончель мен фортепианоға арналған №1 соната, Фа мажор ор. 5/1

1. Adagio sostenuto - Allegro

2. Rondo: Allegro vivace

 

Л. ван Бетховен. Виолончель мен фортепианоға арналған №2 соната, соль минор op. 5/2

1. Adagio sostenuto ed espressivo

2. Allegro molto più tosto presto

3. Rondo: Allegro

 

И.Брамс. Виолончель мен фортепианоға арналған ор. 99 №2 соната, Фа мажор

1. Allegro vivace

2. Adagio affetuoso

3. Allegro passionato

4. Allegromolto

 

Орындаушылар:

Ермек Құрманаев – халықаралық байқаулардың лауреаты (виолончель)

 

Фортепиано партиясында – Анара Камельинова, халықаралық байқаулардың лауреаты

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығрамаларды ауыстыру құқығын қалдырады