rebranding

«Тұсаукесерлер кеші»

«Замандас композиторлар» циклі

№3 концерт

«Тұсаукесерлер кеші»

«Тұсаукесерлер кеші» – Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдығына арналаған «Замандас композиторлар» циклінің қорытынды концерті. Опера әншілері, оркестр әртістері, аспаптық ансамбльдер заманауи отандық авторлардың жаңа камералық-аспаптық шығармаларын орындайды.

«Замандас композиторлар» циклінің концерттерінде осыған дейін Кеңес Дүйсекеев, Балнұр Қыдырбек, Серік Еркімбеков, Бақтияр Аманжолов, Бейбіт Дәлденбай, Хабибулла Сетеков, Серікжан Әбдінұров, Абзал Мұхитдинов, Тасқын Жармұхамед, Сәуле Тұяқова, Ермек Өміров, Әліби Әбдінұров, Жанболат Әділов, Айсұлу Тәни және басқа да композиторлардың шығармалары ұсынылған болатын.

«Тұсаукесерлер кешінде» көрермендер композиторлардың музыка сүйер қауымның жүрегін елеңсіз қалдырмайтын жаңа шығармаларын тыңдайды.

 

Ұзақтығы 1 сағат 30 минут