Scorpions в Алматы

Қиялға бойлау

Қиялға бойлау«Астана Балет» театры бразилиялық хореограф Рикардо Амарантенің «Қиялға бойлау» атты бір актілі балеттер кешін ұсынатын болады. Бұл кеште түрлі авторлардың фортепианоға арналған музыкасы шырқалады. Жалпы, классикалық биді рояльмен сүйемелдеу бір ғасырдан астам уақыт жалғасып келе жатқан дәстүр. Уақыт көрсетіп отырғандай, фортепиано мен хореографияның үйлесімді үндестігі бар.

Көрермен қауым Сергей Рахманиновтың Фортепиано мен оркестрге арналған №2 концерт атты музыкасына қойылған балет премьерасын тамашалайды. Бұл композитордың көптеген шығармаларында музыкалық өлшемдер қимылмен үндескендей, ал, музыканың өзінде би ғаламаты сезіліп тұрады. С.Рахманиновтың жарқын, қайталанбас эмоция, ерекше эстетика мен әуезділікке толы  № 2 Концертінде музыка мен өмірдің үндестігі аңғарылып тұр. 

Музыка мен пластикада тоғысқан сезім мен эмоцияның бай әлемі, тазару мен үміт, еркіндік пен шығармашылық қабілеттің ашылуы – осының бәрі «Астана Балет» театрының сахнасынан орын алады.

Рахманиновтың өзі тудырғандай жоғары дәрежелі саф өнердің көрінісі. "Қиялға бойлау" балеті көрерменді қиял қанатымен асқақтатып, адам баласының өзін, бойындағы әлеуетін меңгеруге үндейді. Себебі, композитордың фортепианоға арналған концерті осы күнге дейін өміршеңдігін жоймай, адамзаттың жүрегінен орын алған.

Белгілі бір жетістікке жетуге кей сәт адам баласының өзі кінәлі болып жатады. Бойын билеген үрей мен күмән өзіне деген сенімнен айырады. Бойымыздағы қарсылық пен сыртқы кедергілерді жеңу үшін тағдыр бізді түрлі адамдар мен жағдаяттарға жолықтырады. Осы арқылы бойымыздағы қуатымыз бен дарынымыз ашылып, санамыз кемелденіп, теріс ойлардан арылып, үрей мен қорқынышты жеңуге жол ашылады. Жақсылық пен зұлымдықтың мәңгі күресі біздің бойымызда да сәт сайын жалғасып отырады. Ал, оның нәтижесі жан-тәнімізбен кімнің жағына шыққанымызға да байланысты болып тұрады.