Scorpions в Алматы

«Итальяндық стильде»

Мария Мудряк (сопрано, Италия),

Эдди де Надаи (дирижер, Италия) қатысуымен

«Астана Опера» Үлкен залында Қазақстандағы Италия мәдениетінің жылы аясында «Итальяндық стильде» атты концерт өтеді.

Концертке Қазақстанның дарынды опера әншісі Мария Мудряк (сопрано), «Астана Опера» жетекші солистері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Нұрлан Бекмұхамбетов (тенор) пен Талғат Мұсабаев (баритон), «Астана Опера» театрының хоры және симфониялық оркестрі қатысады. Дирижер – Эдди де Надаи (Италия).

Концерт бағдарламасында Дж. Россини, Г. Доницетти, Дж. Пуччини, Дж. Верди операларынан ариялар, дуэттер, көріністер және басқа да туындылар орындалады.

Мария Мудряк – Еуропада танымал болған Қазақстандық опера әншісі, колоратуралы драмалық сопрано иегері. «Болашақ» Президенттік бағдарламасы бойынша Миландағы Жоғары музыка академиясында (2008) және Дж. Верди атындағы мемлекеттік консерваторияда білім алды (2012). 2014 жылы магистр дәрежесіне ие болды. Қазіргі кезде әлемдегі ең жас дипломды опера әншісі болып табылады. 2015 жылдың қаңтар айынан – «Астана Опера» театрының солисті.

М. Френи, Л. Серра, К. Гайфа, М. Казони, К. Ваннини, П. Барбачини, Т. Фаббричини, М. Бэрти және де басқа көрнекті опера әншілерінің шеберлік сабақтарына қатысқан.

Ла Скала және «Розетум» (Милан), Карло Филиче (Генуя), Пьяченци театрларының сахналарында ән шырқап, Зальцбург фестивалінде, Коллегиен киршеде (Зальцбург) және тағы басқа залдарда өнер көрсетті.

Эдди де Надаи – италиялық дирижер әрі пианист. Италияның түрлі театрлары: Триесттегі Верди, Венециядағы Ла Фениче, Трентодағы Қоғамдық театр, Сполетодағы Lirico Sperimentale театрларында; сондай-ақ Ганновердегі Штатсопера (Германия) және Измирдегі Мемлекеттік операда (Түркия) ұзақ уақыт бойы режиссердің көмекшісі әрі педагог-концертмейстер ретінде еңбек еткен.

2003 жылы Печеде (Венгрия) Венгер симфониялық оркестрімен дирижер ретінде тұңғыш өнер көрсетті. 2004 жылы Измирде (Түркия) Дж. Россинидің «Севильдік шаштараз», В. Беллинидің «Норма», Дж. Вердидің «Риголетто» қойылымдарына қатысты. Сол кезден бастап түрлі елдерде көптеген опера қойылымдары мен опера-симфониялық бағдарламаларға дирижерлік етті.

Ұзақтығы – 2 сағат

 

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады