rebranding

Ханшайымда қонақта

«ХАНШАЙЫМДА ҚОНАҚТА»

«ХАНШАЙЫМДА ҚОНАҚТА»

Қойылым соңында балаларды шырша жанында Аяз ата, Ақшақар,

ертегі кейіпкерлері қатысуымен көңілді ойындар күтуде.

Жаңажылдық костюмдер киюге болады.

 

2017 жылы 5, 6 қаңтарда (12:00) «Астана Опера» театрының Үлкен залында «Ханшайымда қонақта» атты балаларға арналған музыкалық спектаклі көрсетіледі. Қоюшы режиссер – Наталья Кагадий.

Бұл кішкентай бөбектің басынан кешкен қызықтары туралы ертегі, ол Жаңа жыл түні жан біткен ойыншықтармен бірге Ханшайым балына аттанады. Балалар басқа да сиқырға толы ертегі кейіпкерлері: мейірімсіз пері Карабос, батыр Ер Төстік, Қызыл телпекті қыз бен Сұр қасқыр, Етікті мысық пен Ақ мысық, Қуыршақ, Қарақшы, Қоян және басқалармен жүздеседі.

Спектакльге әртістер мен Балалар студиясының оқушылары қатысады. Олар үш тілде ойнап, өлең айтады. Қойылымды білікті бишілер орындауындағы балет нөмірлері көркейтеді. Ал кішкене көрермендер сахнада болып жатқан қилы хикаяларға белсенді қатыстырылады. Әдемі костюмдер мен тамаша декорациялар балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

«Астана Опера» театрының Балалар студиясы күшімен сахналанған, режиссер Наталья Кагадий қойған бұл спектакль Беларусь Республикасында өткен «Куршинале-2015» Халықаралық өнер Олимпиадасында I дәрежелі Дипломмен марапатталған.

Кейіпкерлер және орындаушылар:

Ханшайым – Жанар Тәжібаева / Мәнсия Естекова

Қуыршақ – Елена Ганжа

Қоян – Хайдар Мұстапин

Ер Төстік – Юрий Мякинкин / Аян Жаймағамбетов

Қарақшы – Александр Яковенко

Карабос – Ильдар Шакирзянов

Рәсім жүргізуші – Ерік Байғожин / Ғани Дәулетқожа

Етікті мысық – Арман Спатаев / Олжас Маханбетәлиев

Ақ мысық – Марико Китамура

Қызыл телпекті қыз – Ұлмекен Бектаева

Қасқыр – Шыңғыс Оспанбаев

Қонақтар – Нұрлыбек Қосбармаков, Ерғали Закариянов, Қизат Ысқақов

Аяз ата – Самат Жарылқасынов

Ақшақар, Ана – Айнұр Халелова

Карабос нөкерлері, Ойыншықтар, Балалар – балалар студиясының оқушылары

 

Қойылым ұзақтығы – 50 минут

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады