rebranding

Шақырған болашақ дауысын есту...

Услышать будущего зов...Мадина Оразбай – Алматы қаласының 35 гимназиясының 11 сыныптың он жеті жасар оқушысы. «Елім ай» БМХМ бітірген. Академиялық вокалмен 12 жастан бастап айналысады. 

Мадина – жас, үміт күттіретін, опералық әнші, Халықаралық музыкалық жарыстарда бір емес бірнеше рет еліміздің абыройын қорғаған болатын. Мадина Оразбай – "Fiestalonia" (Испания), "Салют талантов" (Санкт-Петербург қ., РФ), "Алматинская осень", "Күншуақ" (Алматы қ., ҚР) сияқты  Халықаралық жарыстардың жүлдегері. 

Сондай ақ ол 14 жасында РФ Санкт-Петербург қ. Елена Образцованың  жас вокалисттер Халықаралық жарысының дипломанты болды. 
«Елім ай» БМХМ бітіргеннен кейін, Мадина вокал өнерінің кафедрасының доценті, Халықаралық жарыстардың жүлдегері – Нұрғалиева Гүлнар Асылбекқызынан жеке сабақтар алады. 
2016 жылы Мадина өз күшін тағы сынап көріп, сол жарысқа қайтадан баруға бел буады. Бұл жолы ол «Орыс композиторының шығармасын үздік орындағаны үшін» арнайы диплом алады. 

2016 жылдың қазанында Мадина «Романсиада» атты (Шымкент қ., ҚР) Халықаралық жарысқа қатысады да, «Романсиада Үміті» арнайы дипломына ие болады. Жарыс ұйымдастырушысы Ресей Халық әртісі профессор Галина Преображенская болып табылады.

Мадина Оразбай – "Belcanto" ресей журналының және басқа да опералық сахнаның танымал әншілері белгілеген жалғыз жас вокалисті. 
--
Нұрғалиева Гүлнар Асылбекқызы – Құрманғазы ат. Қазақ Ұлттық Консерваториясының вокал өнері кафедрасының доценті, Халықаралық жарыстардың Жүлдегері. 

Гүлнар Нұрғалиева консерваторияны арфашы болып бітіріп, оркерстде жұмыс істей жүріп, 34 жасында кенеттен опералық әнші атанды және үш Халықаралық жарыстың жүлдегері болды. 

Ол Надия Шарипова, Рахима Жубатурова, Роза Джаманова және Елена Образцова сияқты атақты опера әншілерінен сабақ алған. 

Гүлнар Асылбекқызының шәкірттері белгілі бір жетістіктерге жеткен. Олардың ішінде Айгүл Шәміденова мен Сара Найман.