rebranding

КИНО тобының әндері бірегей трибьют-шоуында ҚР Мемлекеттік Академиялық Симфониялық оркестрімен

Уникальное трибьют-шоу с Государственным Академическим Симфоническим оркестром РК

«Кино» тобының әндері бірегей трибьют-шоуында ҚР Мемлекеттік Академиялық Симфониялық оркестрімен!

Алғаш рет өзіне симфониялық әуен мен атақты «КИНО» рок-тобының қайталанбас әнерін қоса білген өзгеше концерт Астана мен Қарағанды қалаларында табыспен гүрілдеп шығып, ендігі Алматыға жол тартты! 
 

Виктор Цойдың 55 -жылдық туған күнінен басталған жоба өзіндік орасан зор көрініс ұсынады, онда ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестр мен "Солнечные Дни" кәсіби рок-тобы қатысады.  Бұл әйгілі «Кино» тобының шығармашылыққа деген жаңа, қайта ойланған көзқарасы, кеңінен таралған әндерге жаңа әуендік баяндама беретін жанрлардың тоғысу шоуы.  

Айрықша музыкалық партитуралар Ресей мен Белорусияның мамандарымен арнайы жасалған болатын. Нәтижесінде, әуенділігі мен симфонизмімен ерекшеленетін бірегей стилистикалық ұстамды және алуан түрлі шығармалар құрылды. 
"КИНО" рок-тобының әндерін орындайтын  Игорь Соколов пен «Солнечные дни» рок-командасы  - бұл Виктор Цойдың  өнерінің табынушыларының жүрегін оның әндерін Ресей және шет елінде өнер көрсетіп, жаулап алған атышулы трибьют-ұжымы! 

Оркестрді Беларусия Республикасының Президенттік оркестірінің басты дирижері өз ісінің шебері Виктор Бабарикин басқарады. Оның артында көптеген ресей және әлемдік рок жұлдыздарымен бірге өнер көрсеткен тәжірибелері жатыр – мысалға, маэстро  симфониялық оркестрмен бірге «Scorpions» тобының концерті барысында дирижер болды. 
«Солнечные дни» Ресей және Қазақстан қалаларында көрсетілген – Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Астанада, Қарағандыда, Екатеринбургте және басқа қалаларында. Соның өзінде шоу барлық жерде өзгермес, құлақ тұндырарлық табысқа жетуде! Мұндай шоудың ешкімді немқұрайлы қалдырмайтынын үлкен сеніммен айтуға болады! Жанкүйерлер мен журналисттерден көптеген қуанышты пікірлер де, сонымен қатар тыңдармандардың реакциялары соны растайды. Міне, солардың бірнешеуі: 

«Көп уақыт бойы өзіме келе алмадым...бірінші минуттағы қатып қалуым...мені әйелім алып келді...тек оркестр ғана болады деп ойлағанмын...ал солист топпен бірге шығын ән салғанда...көз жасын тоқтату мүмкін емес болды»

«Мен үшін бұл жаңалық!!!! Ештен кеш жақсы. Шынымды айтсам, трибью-шоуларды онша ұната бермеймін, себебі бәрінің қолынан келе бермейді, БІРАҚ сіздер менің өзгерттіңіздер. Кремльде болдым!!! Қайта қойсаңыздар тағы да барамын! Игорь Соколовтың авторлық әндеріне келетін болсақ...нағыз талант!!!! "Не грусти"әні жүрегіме жетті. Эмоциялар мен жақсы көңіл-күй сыйлағандарыңызға рақмет!!!»

«Бұл керемет жігіттердің барын былтырғы жазға дейін білмеппін. ХШЖК кездейсоқ болдым да, жалпы шуда Уой әндерін естіп қалдым, және оның дауысын...Бірінші ой бұл шынайысыздық сезімі...Әрине, бірден дауысқа қарай бардым да, қалған уақытта кешке дейін олардың концертін тыңдадым...Өткенге қайта оралғандай боласың, себебі әндермен бірге естеліктер бар болатын». 

Барлық рок және «Кино» өнерінің тыңдармандарын 10 маусымда Студенттер Сарайында өтетін концертте күтеміз. Басталуы 20:00. 
Барлық сұрақтар мен серіктестіктер бойынша анықтамалар тел.:  +7701 74840895