Ұмытыңдар оны

Өте ескі заманда,
Әлем шары – ғаламда,
Жердің үсті мекені,
Герострат өмір сүрді деседі.

Тарих – төрден тарқауы,
Ғасырлардан арқауы.
Әфсана ма, ертегі ме,
Һәм ешкімнің жоқ дауы.

Жанның жыры, пәлсапалар
Тарқатылар ойынан…
Әлеуметтің әнін ұғам,
Қойылымның бойынан.

Сан мың жылдар кешегі
баса алмаған – меселі…
Атын өшкір сол біреу,
Әлі тірі деседі!..

Үлкен-кіші келіңіздер,
Көріңіздер кірігіп:
Қойылымның желісінде,
Ойланайық бірігіп!!!