2019 / 2020                    Камералық зал            VII маусым

1 қазан * сейсенбі * 19.00

 

Музыка күніне арналған концерт

 

«Мәңгі өшпес із қалдырған»

АНТОНИО ВИВАЛЬДИ

 

«Мәңгі өшпес із қалдырған» – классиктердің шығармалары шырқалатын симфониялық концерттердің жаңа топтамасы осылай атылады. Топтаманың ұлы Антонио Вивальди музыкасымен ашылуы кездейсоқ емес, себебі сазгердің туындылары барокко дәуірінің нышаны ретінде қабылданатыны белгілі.

«Мәңгі өшпес із қалдырған» топтамасының музыкалық кештері жаңа жанрлардың негізін салып, олардың болашақ дамуын анықтаған көрнекті композиторлармен, музыкалық бағыт өкілдерімен таныстыратын болады.

 

Антонио Вивальди XVIII ғасырдағы итальяндық музыка өнерінің  ірі өкілдерінің бірі болып саналады. Көзі тірісінде, бес күннің ішінде үш бөлімді опера музыкасын жаза алатын әрі бір тақырыпта көптеген вариацияларды құрастыруға қабілетті композитор ретінде белгілі болған. Күллі Еуропаға дарынды скрипкашы ретінде даңқы шыққан.

Бір қызығы, Антонио Вивальдидің музыкалық мұрасы 200 жылға жуық уақыт бойы ұмыт болған. Тек XX ғасырдың басында композитордың қолжазбалар жинақтары табылған. Вивальдидің аспаптық концерттері классикалық симфонияның қалыптасу жолындағы кезең болып табылады.

 

 

БАҒДАРЛАМА:

Антонио Вивальди

 

1-бөлім:

«Азат етілген Андромеда» операсынан Персейдің «Sovvento il sole...» ариясы

Екі скрипка мен оркестрге арналған концерт, ля минор  (RV356)

Фагот пен оркестрге арналған концерт, ми минор (RV484)

«Баязет» операсынан Иренаның «Sposa son disprezzata…» ариясы

Екі гобой мен оркестрге арналған қосарлы концерт, ре минор (RV 535)

 

Үзіліс

 

2-бөлім:

Скрипка мен оркестрге арналған «Жыл мезгілдері» концерттер топтамасы

«Гризельда» операсынен Констанцаның «Agitata da due venti...» ариясы

 

 

СОЛИСТЕР:

Альфия КАРИМОВА, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі (сопрано)

Батыржан СМАҚОВ (контртенор)

Бағдат ӘБІЛХАНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (скрипка)

Айсұлу БАЙКЕНОВА (скрипка)

Мадина КАПЕУ (скрипка)

Дамиля МАХПИРОВА (гобой)

Нұргүл САПАРОВА (гобой)

Әсет НЕЛДІБАЕВ (фагот)

 

«Астана Опера» Камералық оркестрі

Дирижер – Абзал МҰХИТДИН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Концертті жүргізетін музыкатанушы Маржан ЖӘКЕНОВА

 

 

Ұзақтығы – 2 сағат

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады