rebranding

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына

мерекелік концерт

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ШАШУ

16 желтоқсанда «Астана Опера» театрының Камералық залында, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына «Тәуелсіздікке шашу» атты мерекелік концерт өтеді.

Бағдарламада елімізде мекендейтін халықтардың достығы жырланып, тыңдармандар қазақ, орыс, ағылшын, украин, әзірбайжан, испан, неміс, қытай, татар, ұйғыр, башқұрт, сербия, жапон тілдеріндегі әндерді тыңдай алады, сондай-ақ қазақ, орыс және шетелдік композиторлардың вокалдық туындылары орындалады.

 

Концертке хор және опера солистері қатысады:

Майра МҰХАМЕДҚЫЗЫ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі

Альфия КАРИМОВА, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі

Дина ХАМЗИНА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Жан ТАПИН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Мәдина ИСЛАМОВА

Талғат ҒАЛЕЕВ

Евгений ЧАЙНИКОВ

Рамзат БАЛАКИШИЕВ

 

Оркестр әртістері:

Курванжан АХАТОВ (виолончель)

Любовь ТКАЧЕНКО (арфа)

 

Бас хормейстер – Ержан ДӘУІТОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Фортепиано партиясы – Елена САХНО, Мәдениет қайраткері

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады