rebranding

Құтты мекен Ақтөбеден ән шашу

2017 / 2018               Камералық зал                     V маусым

19 тамыз * жексенбі * 18.00

Концерт

«Құтты мекен Ақтөбеден ән шашу»

19 тамыз күні Камералық залда Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы Қазақ камералық хорының «Құтты мекен Ақтөбеден ән шашу» концерті өтеді.   

1991 жылы шығармашылық жолын бастаған ұжымның негізін Ақтөбе облысының мәдениет қайраткерлері Қази Жасекенов пен Әмір Телеуов, сондай-ақ әйгілі қазақстандық дирижер әрі композитор, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Тұрым Алагөзов қалаған еді.

Репертуарындағы 400-ден астам халық әндері мен қазақ, орыс және шетелдік композиторлардың камералық шығармаларымен қатар әртістер хор классикасының ірі туындылары – В.А.Моцарттың Реквием, К.Орфтың «Кармин Бурана», Г.Свиридовтың «Пушкинский венок» және «Неизреченное чудо», М.Сағатовтың «Мерекелік кантата» т.б. орындайды.

Әртүрлі уақытта камералық хормен бірге қазақстандық мэтрлар, сонымен қатар ресейлік атақты мәдениет қайраткерлері жұмыс жасады: КСРО Халық әртісі А.Молодов, ҚР Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Б.Жаманбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының көркемдік жетекшісі әрі дирижері Б.Демеуов, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Серебрийская т.б.

Ұжым халықаралық хор байқаулары мен фестивальдерінде  лайықты түрде республикамыздың намысын қорғап жүр, елімізде және шетелде (Астана, Санкт-Петербор, Орынбор, Анкара (Түркия) т.б.) концерттік бағдарламалармен өнер көрсетеді.

 

Көркемдік жетекші және дирижер – Мейірбол Қоспанов.

Хормейстерлер – Мәди Әбішев, Лейла Кущанова.

 

Бағдарламада халық әндері, қазақстандық авторлардың шығармалары мен шетелдік композиторлардың туындылары бар.

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады