Jullien Dassin

ТРУФФАЛЬДИНО

 

2021 / 2022                 Үлкен зал                  ІХ маусым

10 қазан * жексенбі * 18.00

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының

ГАСТРОЛІ

 

Александр Колкер

«ТРУФФАЛЬДИНО»

2 бөлімді мюзикл

Либретто авторы – К.Гольдони, «Екі мырзаның қызметшісі» пьесасы бойынша

Спектакльдің премьерасы 2012 жылғы 1 наурызда өтті

 

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Режиссер – Ресейдің Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Юрий АЛЕКСАНДРОВ (Ресей, Санкт-Петербор)

Қоюшы суретші Ресейдің Халық суретшісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Вячеслав ОКУНЕВ (Ресей, Санкт-Петербор)

Балетмейстер – Надежда КАЛИНИНА (Ресей, Санкт-Петербор)

Хормейстер«Құрмет» орденінің кавалері Татьяна ШТЫКОВА

 

ТАРИХИ АНЫҚТАМА

Труффальдино – италиялық дель арте комедиясының кейіпкері, солтүстік (венециялық) Арлекин маскалар квартетіндегі екінші дзанни есімдерінің бірі. Бергамо қаласы – Арлекиннің отаны. Труффальдино туралы пьесалардың өтетін орны – бай-дәулетті Венеция, ол байлық іздеп Бергамодан осында кетіп қалған. Тағы үш ер кейіпкерлер – Бригелла, Панталоне және Доктор (Ломбарди) венециялық Арлекин-Труффальдино маска квартетінің құрамына кіреді. Смеральдина – Коломбинаның екінші есімі, маскалар ансамбліне тиесілі қыз-дзанни, ол Панталоне немесе Доктордың үйінде қызмет етеді. «Арлекиндік» көйлек – Коломбина атрибуттарының бірі.

 

ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

Оқиға XVIII ғасырда Венецияда өтеді. Труффальдино Федерико Распони мырзаға қызметші болып жалданады. Оның бірінші қожайыны – еркек киімін киген дворян әйел Беатриче Распони, өзінің марқұм ағасының атын жамылып, ғашығы Флориндо Аритузиді іздеуге шыққан.

Осы атпен ол венециялық саудагер Панталоненің үйіне келеді, олардың барлығы Распонидің өлгеніне сенімді. Труффальдино үйге бірінші болып көтеріліп, қожайынның келе жатқанын хабарлауы керек. Бұдан соң Труффальдино тағы бір қожайынға жалданған еді. Іле-шала «өлген» қожайынын кездестірген ол екеуіне бірдей қызмет ете береді. Оның екінші қожайыны Флориндо еді, ол жекпе-жекте Беатриченің ағасын өлтірді деген күдікпен іздеуде болғандықтан, Венецияға қашып кеткен.

Труффальдино біраз уақыт екі қожайынға да сәтті қызмет етеді. Федериконың атын жамылған Беатриче Панталоне шалдың қызымен болатын тойды күтіп жүрген кейіп танытады, өйткені ол бұрын Федерикомен атастырылған болатын. Бірақ Клариче доктор Ломбардидің ұлы – Сильвионы жақсы көреді. Алайда жалған Федериконың келгені оның үмітін үзеді. Дегенмен бәрі де сәтті аяқталады. Беатриче Флориндомен қосылады, Клариче Сильвиоға тұрмысқа шығады, тіпті Труффальдиноның өзі де Клариченің қызметшісі Смеральдинаға үйленеді.

 

Ұзақтығы – 2 сағат