«Травиата»

Джузеппе Верди

«Травиата»

2 бөлімді опера

Либретто авторы Франческо Мария Пиаве.

Опера сюжеті Александр Дюманың (кіші) «Камелия ұстаған ханым» романынан алынған

Итальян тілінде орындалады

(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)

Верди қоғам қабылдамаған әйелді өз операсының кейіпкері етіп жасады; Сазгер мұны опера атауында арнайы атап көрсетті («Травиата» – итальянша – азғын, адасқан). Сазгер Виолеттаның адамгершілігі мен жан сұлулығын бейнелеп қана қоймай, өзін қоршаған жеңілтек ортадан және ақсүйек қоғамның ізгілікті өкілі, Альфредтің әкесі – Жорж Жермоннан артықшылығын көрсетті.

Әлеуметтік теңсіздік құрбанына ыстық аяушылық білдіру, екіжүзділік моральді аяусыз мінеу, опера сахнасында заманауи өмірді көрсету – осының бәрі қалыптасқан дәстүрді бұзып, 1853 жылдың 6 наурызында Ла Фениче театрында өткен тұсаукесердегі опера сәтсіздігінің басты себебі болды.

Бірақ, Верди опера табысына сенді. Бір жылдан соң венециялық Сан-Бенедетто театрында көрермендерге үйреншікті XVIII ғасырдың костюмдерінде көрсетілген «Травиата» табысқа жетеді – сонымен оның күллі әлемнің опералық театрларына салтанатты шеруі басталды. Ал, Виолеттаның партиясы барлық ұрпақ өкілдері примадонналы үшін сүйіктісі болды: Аделина Патти (1843-1919), Роза Понсель (1897-1981), Рената Тебальди (1922-2004), Мария Каллас (1923-1977), Джоан Сазерленд (1926-2010), Монсеррат Кабалье, Тереза Стратас, сондай-ақ қазақстандық опера сахнасының жұлдыздары: Роза Жаманова (1928-2013), Бибігүл Төлегенова, Нұржамал Үсенбаева, Майра Мұхамедқызы, Жаннат Бақтай, Жәмила Баспақова және т.б.

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР:

Виолетта Валери –   Айзада ҚАПОНОВА«Құрмет» орденінің кавалері

Альфред Жермон – Артур ҒАБДИЕВ

Жорж Жермон – Расул ЖАРМАҒАМБЕТОВ, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты

Гастон – Бейімбет ТАҢАРЫҚОВ

Флора Бервуа – Татьяна ВИЦИНСКАЯ

Аннина – Елена ГАНЖА

Маркиз д’Обиньи – Болат ЕСІМХАНОВ

Барон Дюфоль –          Ардақ ТӨЛЕПБЕРГЕН

Доктор Гренвиль –     Валерий СЕЛИВАНОВ

Комиссионер – Нұрлыбек ҚОСБАРМАҚОВ

Джузеппе – Рамзат БАЛАКИШИЕВ

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОРКЕСТРІ, ХОРЫ, БАЛЕТІ ЖӘНЕ МИМАНСЫ

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Дирижер – Абзал МҰХИТДИН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы режиссер – Хеннинг БРОКГАУЗ

Режиссердің ассистенті – Еренбақ ТОЙКЕНОВ

Қоюшы суретші – Йозеф СВОБОДА

Жаңғырту бойынша суретші – Бенито ЛЕОНОРИ

Жарық бойынша суретші – Фабрицио ГОББИ

Костюмдер бойынша суретші – Джанкарло КОЛИС

Хормейстер – Ержан ДӘУІТОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Балетмейстерлер – Тұрсынбек НҰРҚАЛИЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Валентина ЭСКОБАР

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.