Травиата

Джузеппе Верди

«Травиата»

2 бөлімді опера

Либретто авторы Франческо Мария Пиаве.

Опера сюжеті Александр Дюманың (кіші) «Камелия ұстаған ханым» романынан алынған

Итальян тілінде орындалады

(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)

Ұзақтығы – 2 сағат 40 минут (бір үзіліспен)

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Верди қоғам қабылдамаған әйелді өз операсының кейіпкері етіп жасады; Сазгер мұны опера атауында арнайы атап көрсетті («Травиата» – итальянша – азғын, адасқан). Сазгер Виолеттаның адамгершілігі мен жан сұлулығын бейнелеп қана қоймай, өзін қоршаған жеңілтек ортадан және ақсүйек қоғамның ізгілікті өкілі, Альфредтің әкесі – Жорж Жермоннан артықшылығын көрсетті.

Әлеуметтік теңсіздік құрбанына ыстық аяушылық білдіру, екіжүзділік моральді аяусыз мінеу, опера сахнасында заманауи өмірді көрсету – осының бәрі қалыптасқан дәстүрді бұзып, 1853 жылдың 6 наурызында Ла Фениче театрында өткен тұсаукесердегі опера сәтсіздігінің басты себебі болды.

Бірақ, Верди опера табысына сенді. Бір жылдан соң венециялық Сан-Бенедетто театрында көрермендерге үйреншікті XVIII ғасырдың костюмдерінде көрсетілген «Травиата» табысқа жетеді – сонымен оның күллі әлемнің опералық театрларына салтанатты шеруі басталды. Ал, Виолеттаның партиясы барлық ұрпақ өкілдері примадонналы үшін сүйіктісі болды: Аделина Патти (1843-1919), Роза Понсель (1897-1981), Рената Тебальди (1922-2004), Мария Каллас (1923-1977), Джоан Сазерленд (1926-2010), Монсеррат Кабалье, Тереза Стратас, сондай-ақ қазақстандық опера сахнасының жұлдыздары: Роза Жаманова (1928-2013), Бибігүл Төлегенова, Нұржамал Үсенбаева, Майра Мұхамедқызы, Жаннат Бақтай, Жәмила Баспақова және т.б.

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР:

Виолетта Валери –   Жаннат БАҚТАЙ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі /

                                    Әсем СЕМБИНА

Альфред Жермон –     Медет ЧОТАБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

                                      Артур ГАБДИЕВ

Жорж Жермон –         Талғат ҒАЛЕЕВ /

                                      Талғат МҰСАБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Гастон – Талғат АЛЛАБИРИНОВ / Бейімбет ТАҢАРЫҚОВ

Флора Бервуа – Гүлжанат САПАҚОВА / Татьяна ВИЦИНСКАЯ

Аннина – Елена ГАНЖА / Салтанат МҰРАТБЕКОВА

Маркиз д’Обиньи – Болат ЕСІМХАНОВ

Барон Дюфоль –          Ержан САИПОВ

Доктор Гренвиль –     Шыңғыс РАСЫЛХАН, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты /

                                      Валерий СЕЛИВАНОВ

Комиссионер – Нұрлыбек ҚОСБАРМАҚОВ

Джузеппе – Рамзат БАЛАКИШИЕВ

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОРКЕСТРІ, ХОРЫ, БАЛЕТІ ЖӘНЕ МИМАНСЫ

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Дирижер – Алан БӨРІБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Қоюшы режиссер – Хеннинг БРОКГАУЗ

Режиссердің ассистенті – Еренбақ ТОЙКЕНОВ

Қоюшы суретші – Йозеф СВОБОДА

Жаңғырту бойынша суретші – Бенито ЛЕОНОРИ

Жарық бойынша суретші – Фабрицио ГОББИ

Костюмдер бойынша суретші – Джанкарло КОЛИС

Хормейстер – Ержан ДӘУІТОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Балетмейстерлер – Тұрсынбек НҰРҚАЛИЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Валентина ЭСКОБАР

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.