Google ad services
Билеты на мастер-классы Алматы

Травиата

Құрметті көрермендер!

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуына байланысты, спектакльдерге алдын ала, ертерек келуді сұраймыз.

 

Театрға келер алдында «Ashyq» қосымшасын алдын ала өзіңіздің ұялы құрылғыңызға орнатуды сұраймыз.

Қолдану бойынша нұсқаулық:

1. Өзіңіздің ұялы құрылғыңызға «Ashyq» қосымшасын жүктеп, орнатыңыз (Iphone үшін App Store, ал Android үшін Google Play).

2. Өзіңіздің телефон нөміріңіз бен ЖСН енгізіңіз.

3. Театрға кірер кезде «КІРУ» тіркеуін таңдап, QR-кодты сканерлеу қажет (КІРУ).

4. Жүйе келушінің мәртебесін анықтайды, оны кірер кезде міндетті түрде Театр қызметкеріне көрсету қажет

 

​Мәртебелер:

Көк және Жасыл – Театрымызға кіруге шектеу жоқ

Сары – Театрымызға кіру шектелген, себебі COVID-19 таралуы бойынша байланысушы тұлға болып табылады

Қызыл – Театрымызға кіруге үзілді-кесілді шектеу қойылған, себебі өзін-өзі оқшаулауда немесе амбулаториялық емдеуде болуы тиіс.

Егер келушіде «қызыл» немесе «сары» мәртебе анықталса, ол Театрға кіргізілмейді және мәртебесі туралы скриншоттың бар болуы кезінде спектакльдің басталуына дейін сатып алған билеттерін тапсырады.

 

Бүгінгі таңда инфекция жұқтырғандардың өзін-өзі оқшаулауын бұзу деректері анықталған кезде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары мен ішкі істер органдарының лауазымды тұлғаларының іс-қимыл алгоритмі әзірленді.

 

Бұл алгоритм Ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен бекітілген. Сонымен қатар осындай тұлғалар үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.

 

5. Егер келушінің өз мәртебесін тексеруге мүмкіндігі болмаса, осы үрдісті Театр қызметкері «күзетші» режимінің көмегімен – келушінің келісімімен оның ЖСН ақпараттық жүйеге енгізу арқылы жүзеге асыра алады.

Түсіністік танытады деген сенімдеміз!

 

Үлкен залдағы спектакльдерге жас шектеуі: 10+, Камералық залдағы концерттерге: 7+

65 жастан асқан адамдардың театрға келуіне уақытша тыйым салынғаны туралы еске саламыз.

(Негіздеме: Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.С.Бейсенованың қолы қойылған «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы» 02.02.2021 жылғы № 5 қаулының 1.5-тармағы)

Сонымен қатар үзіліс кезінде әлеуметтік арақашықтық пен маскалы режимді сақтауды сұраймыз.

 

 

2020 / 2021                  Үлкен зал                  VIІІ маусым

16 маусым * сәрсенбі * 19.00

17 маусым * бейсенбі * 19.00

 

Джузеппе Верди

«Травиата»

3 бөлімді опера

Автор либреттоФранческо Мария Пиаве.

Сюжет оперы заимствован из романа «Дама с камелиями» Александра Дюма-сына

 

 

Дирижер – Алан БӨРІБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Қоюшы режиссер – Хеннинг БРОКГАУЗ

Режиссердің ассистенті – Еренбақ ТОЙКЕНОВ

Қоюшы суретші – Йозеф СВОБОДА

Жаңғырту бойынша суретші – Бенито ЛЕОНОРИ

Жарық бойынша суретші – Фабрицио ГОББИ

Костюмдер бойынша суретші – Джанкарло КОЛИС

Хормейстер – Ержан ДӘУІТОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Балетмейстерлер – Тұрсынбек НҰРҚАЛИЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Валентина ЭСКОБАР

 

 

Верди қоғам қабылдамаған әйелді өз операсының кейіпкері етіп жасады; Сазгер мұны опера атауында арнайы атап көрсетті («Травиата» – итальянша – азғын, адасқан). Сазгер Виолеттаның адамгершілігі мен жан сұлулығын бейнелеп қана қоймай, өзін қоршаған жеңілтек ортадан және ақсүйек қоғамның ізгілікті өкілі, Альфредтің әкесі – Жорж Жермоннан артықшылығын көрсетті.

Әлеуметтік теңсіздік құрбанына ыстық аяушылық білдіру, екіжүзділік моральді аяусыз мінеу, опера сахнасында заманауи өмірді көрсету – осының бәрі қалыптасқан дәстүрді бұзып, 1853 жылдың 6 наурызында Ла Фениче театрында өткен тұсаукесердегі опера сәтсіздігінің басты себебі болды.

Бірақ, Верди опера табысына сенді. Бір жылдан соң венециялық Сан-Бенедетто театрында көрермендерге үйреншікті XVIII ғасырдың костюмдерінде көрсетілген «Травиата» табысқа жетеді – сонымен оның күллі әлемнің опералық театрларына салтанатты шеруі басталды. Ал, Виолеттаның партиясы барлық ұрпақ өкілдері примадонналы үшін сүйіктісі болды: Аделина Патти (1843-1919), Роза Понсель (1897-1981), Рената Тебальди (1922-2004), Мария Каллас (1923-1977), Джоан Сазерленд (1926-2010), Монсеррат Кабалье, Тереза Стратас, сондай-ақ қазақстандық опера сахнасының жұлдыздары: Роза Жаманова (1928-2013), Бибігүл Төлегенова, Нұржамал Үсенбаева, Майра Мұхамедқызы, Жаннат Бақтай, Жәмила Баспақова және т.б.

 

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР:

 

16 МАУСЫМ

Виолетта Валери – Альфия КАРИМОВА, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі

 

Альфред Жермон – Медет ЧОТАБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Жорж Жермон – Талғат МҰСАБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Гастон – Руслан СОВЕТ

 

Флора Бервуа – Малика МИНИЗИНИ

 

Аннина – Елена ГАНЖА

 

Маркиз д’Обиньи – Болат ЕСІМХАНОВ

 

Барон Дюфоль – Евгений ЧАЙНИКОВ

 

Доктор Гренвиль – Шыңғыс РАСЫЛХАН

 

Комиссионер – Нұрлыбек ҚОСБАРМАҚОВ

 

Джузеппе – Ерұлан КӘМЕЛ

 

* * *

 

17 МАУСЫМ

Виолетта Валери – Айзада ҚАПОНОВА, «Құрмет» орденінің кавалері

 

Альфред Жермон – Рамзат БАЛАКИШИЕВ

 

Жорж Жермон – Талғат ҒАЛЕЕВ

 

Гастон – Бейімбет ТАҢАРЫҚОВ

 

Флора Бервуа – Татьяна ВИЦИНСКАЯ

 

Аннина – Салтанат МҰРАТБЕКОВА

 

Маркиз д’Обиньи – Болат ЕСІМХАНОВ

 

Барон Дюфоль – Евгений ЧАЙНИКОВ

 

Доктор Гренвиль – Өміржан ҚАДЫРОВ

 

Комиссионер – Нұрлыбек ҚОСБАРМАҚОВ

 

Джузеппе – Ерұлан КӘМЕЛ

 

 

 

Ұзақтығы – 2 сағат 50 минут (екі үзіліспен)

 

Итальян тілінде орындалады

(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)

 

 

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады