Scorpions в Алматы

2018 / 2019                    Үлкен зал            VІ маусым

12 мамыр * жексенбі * 18.00

 

Astana Piano Passion V Халықаралық классикалық музыка фестивалі және жас пианистер байқауының салтанатты ашылуы

Арт-директор – ДЕНИС МАЦУЕВ, Ресейдің Халық әртісі

 

12 мамыр күні Astana Piano Passion-2019 V Халықаралық жас пианистер байқауының салтанатты ашылуына арналған концерт өтеді.

Ресейдің Халық әртісі Денис Мацуевпен бірге «Астана Опера» театрының сахна төріне әр жылдары байқау жеңімпазы атанған Қазақстан, Ресей және Жапония өнерпаздары шығады.

 

Санжарәлі Көпбаев (Қазақстан)

Astana Piano Passion-2013 байқауының ІІ сыйлық лауреаты және Astana Piano Passion-2014 жеңімпазы.

А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ орта мамандандырылған мектептің фортепиано сыныбында оқиды (ұстазы – Гүлжан Қазыбекова).

Көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты, олардың қатарында Mersi, Maestro! (Брюссель, Бельгия, 2016, І сыйлық), жас музыканттардың «Щелкунчик» XVII Халықаралық телевизиялық байқауы (Мәскеу, Ресей, 2016), Республикалық байқау (Алматы, Қазақстан, 2017, Гран-при), П.И.Чайковский атындағы Х Халықаралық жасөспірімдер байқауы (Астана, Қазақстан, 2017, жартылай финалист, «Үміт» сыйлығының иегері), С.Рахманиновтың 145 жылдығына арналған Music should go from the heart Халықаралық байқауы (Павлодар, Қазақстан, 2018, Гран-при) бар.

 

Александр Ключко (Ресей)

AstanaPianoPassion-2017 Халықаралық классикалық музыка фестивалі мен жас пианистер байқауының бірінші сыйлығы және Гран-при иегері.

Ф.Шопен атындағы Мәскеу мемлекеттік музыкалық орындаушылық колледжінің түлегі (ұстазы – Сергей Арцибашев). 2018 жылдан бастап Париждегі Ecole Normale De Musique мектебінде білім алуда, ұстазы – Рена Шерешевская.

Ресейдің Ұлттық филармониялық оркестрі, Испан Радио және Телевидениесінің симфониялық оркестрі, Ростов академиялық филармониялық оркестрі, «Астана Опера» Симфониялық оркестрі, Иркутск облысы Губернаторлық оркестрімен бірге өнер көрсеткен.

Virtuoso халықаралық романтикалық музыка фестивалі (Мәскеу, 2016, 2017), Вера Лотар-Шевченконы еске алуға арналған VI Халықаралық пианистер байқауы (Екатеринбург, 2016, I сыйлық), ХIII Халықаралық жас музыканттар байқауы (ОММ, Мәскеу, 2016, I сыйлық), Владимир Крайневтің ІІ Мәскеу халықаралық пианистер байқауы (2017, финалист), Иль-де-Франс ХХ халықаралық пианистер байқауы (Мезон-Лаффитт, Франция, 2018, I сыйлық), Палома О’Шидің XIX пианистер байқауының (Сантандер, Испания, 2018, III сыйлық) лауреаты.

 

Шио Окуи (Жапония)

Astana Piano Passion-2014 Халықаралық классикалық музыка фестивалі мен жас пианистер байқауының І сыйлық лауреаты.

Шио Окуи бес жасынан бастап музыкамен айналысады. П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы жанындағы Орталық музыка мектебінде ұстаз Елена Ашкеназиден (1949-2017) фортепиано сыныбы бойынша білім алған. 2018 жылдан бастап – Гнесиндер атындағы Мәскеу арнайы орта музыка мектебінің оқушысы (Татьяна Зеликманның сыныбы).

Сегіз жасында алғаш рет оркестрмен өнер көрсеткен. Мариин театры симфониялық оркестрі (дирижер В.Гергиев), Ресей Ұлттық филармониялық оркестрі және «Мәскеу дарындары» оркестрі (дирижер В.Спиваков), Ресей ұлттық оркестрі (дирижер М.Плетнёв), Мәскеу филармониясының симфониялық оркестрі (дирижер А.Анисимов), Токио симфониялық оркестрі (дирижер К.Акияма), «Жаңа жапон филармониясы» симфониялық оркестрі (дирижер К.Кобаяси), Иркутск облыстық филармониясының Губернаторлық симфониялық оркестрі (дирижер И.Лапинь), Украина Ұлттық филармониясы симфониялық оркестрі (дирижер Н.Дядюра), Арменияның ұлттық филармониялық оркестрі (дирижер А.Арзуманян) және т.б. ұжымдармен бірге концерт берген.

Мәскеудегі жас музыканттардың «Щелкунчик» Халықаралық телевизиялық байқауы (Күміс Щелкунчик және көрермендер көзайымы жүлдесі, 2013), Киевте өткен Владимир Горовицті еске алуға арналған Халықаралық жас пианистер байқауы (I сыйлық, 2013), Владимир Крайневтің Мәскеу халықаралық пианистер байқауы (I сыйлық «Жаңалық», 2015), Мәскеудегі Grand Piano Competition Халықаралық жас пианистер байқауының (2016) лауреаты.

 

БАҒДАРЛАМА:

С.Прокофьев. Фортепиано мен оркестрге арналған №3 концерт, 1-бөлім

П.Чайковский. Фортепиано мен оркестрге арналған №1 концерт, 2, 3-бөлімдер

Ф.Шопен. Фортепиано мен оркестрге арналған №2 концерт, 3-бөлім

Ф.Лист. Фортепиано мен оркестрге арналған №2 концерт

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Санжарәлі Көпбаев (Қазақстан)

Александр Ключко (Ресей)

Шио Окуи (Жапония)

Денис Мацуев (Ресей)

«Астана Опера» симфониялық оркестрі

Дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов