Взломанный, Бункер

Салтанатты месса

Дж. Россини

«САЛТАНАТТЫ МЕССА»

Еуропаның ең атақты әрі табысты опера композиторларының бірі, 40-тан астам опера жазған Джоаккино Россинидің шығармаларының ішінде «Шағын салтанатты месса» туындысының шоқтығы биік. Оны композитор опера жолындағы қызметін аяқтағаннан кейін жазған. «Шағын салтанатты месса» – кемеңгердің оқиғаға толы өмірі мен шығармашылығының қорытындысы.

«Шағын салтанатты месса» туындысының атауы оның көлеміне байланысты емес, бастапқы сүйемелдеуші шағын құрамға – фортепиано мен органға, дәлірек айтқанда гармониумға қатысты (дыбысы фисгормонияға жақын аспап). Мұндай сүйемелдеу автор тарапынан өте дұрыс таңдалған, өйткені оркестр Россинидің ұмытуға тырысқан опера стилін қатты байқатады. «Шағын салтанатты месса» – ерекше жарқын, мөлдір туынды. Классикалық музыка бағалаушылары мессада таңдандыратын опера әуендері мен хор нөмірлерінің айрықша үйлесіміне тәнті болады.

 

Орындаушылар:

Салтанат Ахметова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано)

Дина Хамзина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (меццо-сопрано)

Медет Шотабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (тенор)

Барсег Туманян, Арменияның Халық әртісі (бас)

 

«Астана Опера» театрының хоры мен симфониялық оркестрі

Дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов.

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады