Scorpions в Алматы

Ол ерте көктемде болған еді…

«Ол ерте көктемде болған еді…»

П.И. Чайковский вокал музыкасының концерті

Вокалдық музыкасы П.И. Чайковский шығармашылық мұрасының үлкен бөлігін құрайды. Алғашқы вокалдық шығармаларын Чайковский жасөспірім кезінде – Құқық училищесінің оқушысы болғанда жазған.

Жалпы Чайковский бір-бірінен жанрлық алуандылығымен ерекшеленетін 103 романс пен әндер, жеті вокалдық ансамбль жазған (дуэттер мен триолар). Лирикалық романстардан басқа ол серенада, элегия, баллада, мазурка, сыған романсы мен балалар әндерін жазған.

Асқан шеберлік пен қарапайымдылық, жаңашылдық, ал ең бастысы – лирикалық ойдың адалдығы – осының бәрі Чайковскийдің вокалдық музыкасын әлемге әйгілі етті.

«Ол ерте көктемде болған еді...» атты романс атауымен үндес концертте тек камералық-вокалдық шығармалар ғана емес, сонымен қатар операларынан алынған ариялар мен дуэттар де шырқалады.

Орындаушылар:

Елена Ганжа (сопрано)

Салтанат Мұратбекова (меццо-сопрано)

Азамат Жылтыркөзов (баритон), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Фортепиано партиясында – Александра Егорова

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады