Scorpions в Алматы

Г. Малер. №2 СИМФОНИЯ

Густав Малер (1860–1911)

№2 СИМФОНИЯ

сопрано, альт, аралас хор және оркестрге арналған

Астанада алғаш рет – Малердің екінші симфониясы!

16 наурызда «Астана Опера» Густав Малердің атақты Екінші симфониясын ұсынады (екінші атауы – «Қайта жандану симфониясы»).

Малер – әлемдегі шығармалары көп орындалатын композиторлардың бірі. Композитор әрі дирижер Леонард Бернстайн айтқандай, тағдыр оған адамдарға көбірек сұлулық сыйлауға және музыка тарихында ерекше орын алуға мүмкіндік берді. 

Композитор өз шығармашылығының негізгі тақырыбын Достоевскийдің: «Егер бір жерде біреу қиналып жатқан болса, мен қалайша бақытты бола аламын?» - деген сөзімен дәйектеген. Ол адам өмірінің мәні, оның құндылықтары туралы мәселені қозғайды және оған тек музыкамен ғана емес, сөзбен де жауап береді. Сондықтан да, Екінші симфонияның IV бөліміне Арним мен Брентаноның «Баланың сиқырлы кернейі» өлеңдер жинағына жазылған әні кіреді, ал финалға – XVII  ғасырдың атақты неміс ақыны Фридрих Клопштоктың жыр жолдары еңгізілген.

Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін Малердің симфониясын жеткізетін – еуропада танымал болған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әйгілі дирижер Алан Бөрібаев. Ерекше дауысты хор мен үлкен симфониялық оркестрмен бірге ұлттық опера сахнасының жарық жұлдызы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы (сопрано), еліміздің үздік меццо-сопраносы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина, сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жан Тапин (тенор) және Елена Сахно (фортепиано) өнер көрсететін болады.

Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов.

Жүргізуші – музыкатанушы Маржан Жәкенова.