Scorpions в Алматы

Симфониялық музыка концерті «Үш дәуір – үш тағдыр»

2021 / 2022                    Үлкен зал            ІХ маусым

16 қазан * сенбі * 18.00

 

Симфониялық музыка концерті

«Үш дәуір – үш тағдыр»

(И.С.БАХ, Б.БАРТОК, А.БРУКНЕР)

Симфониялық музыка концертінің бағдарламасында өз заманының тынысын жарқын жеткізе білген композиторлардың туындылары ұсынылған: Иоганн Себастьян Бах – ХVIII ғ. неміс бароккосы, Антон Брукнер – ХIХ ғ. бергі австриялық-неміс романтизмі және Бела Бартоктың ХХ ғасырдағы венгр музыкасының классикасы.

 

Бірінші бөлім И.С.Бахтың №3 Бранденбург концертімен ашылады – бұл оның шығармашылығына тағзым еткен маркграф Христиан Людвиг Бранденбургке ұлы музыканттың арнаған алты шығармасының бірі. Алайда композитордың көзі тірісінде Бранденбург концерттерінің топтамасы орындалған емес. Маркграфтың кітапханасында бір ғасыр тұрған ноталар кейін кездейсоқ табылды. Дегенмен, бүгінде И.С.Бахтың Бранденбург концерттері әлемнің үздік камералық оркестрлерінің орындауында тұрақты шырқалады.

 

2021 жылы ХХ ғасырдағы венгр композиторы, пианист, ұстаз, фольклоршы-музыкатанушы, жаңашыл музыкант Бела Бартоктың туғанына 140 жыл толады. Б.Барток – көптеген камералық шығармалардың, соның ішінде ішекті аспаптар квартеті, фортепианолық музыка, сонымен қатар оркестрлік және сахналық шығармалардың авторы. Ішекті аспаптарға арналған дивертисменттің орындалуы осындай көрнекті сазгерге тарту болмақ.

 

Концерттің екінші бөлімінде атақты симфонист-композитор, ХІХ ғасырдың соңындағы батыс еуропалық мәдениеттің жарқын жасампазы Антон Брукнердің туындысы шырқалады.

№7 симфонияның екінші бөлімі – данышпан Брукнердің ең рухты әрі керемет туындысының бірі – Рихард Вагнерді еске алуға арналған аза тұту одасы. Оның керемет жалынды финалы нәтижесінде нұрлы әнұранмен аяқталуы үшін әмбебап, ғарыштық көлемге дейін ұлғаяды.

 

Симфониялық классика жауһарларының өзіндік интерпретациясын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиннің жетекшілігімен «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі ұсынады.

 

 

БАҒДАРЛАМА:

И.Бах. №3 Бранденбург концерті, соль мажор, BWV 1048

Б.Барток. Ішекті аспаптар оркестріне арналған дивертисмент

А.Брукнер. №7 симфония, ми мажор, op.107

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

«АСТАНА ОПЕРА» СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ

ДирижерАбзал МҰХИТДИН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Ұзақтығы – 2 сағат 10 минут (бір үзіліспен)