rebranding

Шырқар әнім – Астана көктемі

Үлкен зал
22 наурыз 18.00

«Шырқар әнім – Астана көктемі»

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, П. Чайковский атындағы ХI халықаралық байқаудың лауреаты, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызының, «Астана Опера» театрының балет әртістері, симфониялық оркестрі мен хорының қатысуымен өтетін екі бөлімді көктем мерекесі Наурызға арналған концерт.

Концертті жүргізушілер – Дана Нұржігіт, Евгений Чайников.

Бағдарламаның бірінші бөлімінде – Дж. Верди, Ж. Массне, Г. Доницетти, С. Франк, И. Кальман, Ж. Оффенбахтың классикалық опера және оперетталарынан ариялар мен дуэттер орындалады.

Екінші бөлімде қазақ халық әндері мен заманауи әндер, сондай-ақ А. Жұбанов пен Л. Хамиди, Е. Рахмадиев, С. Мұхамеджанов, А. Мұхитдиновтың операларынан ариялар мен дуэттер орындалады.

Орындаушылар:
Дина Хамзина (меццо-сопрано), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Нұрлан Бекмұхамбетов (тенор), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Татарстанның еңбек сіңірген әртісі
Медет Шотабаев (тенор), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Сүндет Байғожин (баритон), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Талғат Мұсабаев (баритон), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Бауыржан Әндержанов (баритон)
Талгат Ғалеев (баритон)
«Астана Опера» театрының балет әртістері

Дирижер – Абзал Мұхитдинов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Бас хормейстер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ұзақтығы – 2 сағат