Горящие туры

«Жібек саты»

2020 / 2021                    Камералық зал            VIІІ маусым

21/22 сәуір * сәрсенбі * 19:00

 

«PICCOLO» ТЕАТРЫ

 

Джоаккино Россини

«Жібек саты»

Бір актілі опера-фарс

Либретто авторы Дж. Фоппа, П. Гавоның аттас операсы (1808) үшін жазылған Ф. Планардың либреттосы негізінде

 

 

Қоюшы дирижер – Абзал Мұхитдин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы режиссер – Алла Симонишвили

Сценограф әрі костюмдер бойынша суретші – Манана Гуниа

Жобаның техникалық директоры – Виктор Караре

Опера труппасының директоры – Азамат Жылтыркөзов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Дирижердің ассистенті – Руслан Баймурзин

Қоюшы режиссердің ассистенттері – Еренбақ Тойкенов, Алтынғаным Ахметова

Жоба үйлестірушісі – Маржан Жәкенова

 

1822 жылы Бетховен, Дж.Россинидің даңқы шарықтап тұрған кезде кездестіріп, былай деген: «Ешбір жағдайда опера-буффадан басқа ештеңе жазуға тырыспаңыз, одан басқа стиль Сіздің табиғатыңызға жат».

Осыдан көп жыл бұрын 20 жастағы композитор, болашақ «Севильдік шаштараздың» авторы, венециялық Сан-Моизе театрына арнап, Дж. М.Фоппаның либреттосына «Жібек саты» атты бір актілі күлдіргі опера-фарсын жазады. «Жібек сатыда» жарқын әзіл-сықақ және оқиғалар желісіндегі әртістердің жанды суырып-салма мәнері Россиниге тән дарынды вокалдық және аспаптық партиялармен тамаша үйлеседі. Россини бастапқыда қарым-қатынастары құпия болып қалуы тиіс жас ғашықтардың сезімталдығын, жалыны мен жасампаздығын мадақтайды.

Оқиғалар желісі ХVIII ғасырда өрбиді және өзінің сүйіктісі Дорвильге жасырын тұрмысқа шыққан Джулия жайында әңгімелейді. Заңды күйеуі әйеліне терезеден лақтырылған жібек саты арқылы көтеріледі. Джулияның қамқоршысы кәрі Дормонт неке туралы білместен оны Бланзакқа тұрмысқа бермекші болады. Үнемі түсініспеушіліктер мен ыңғайсыз жағдайлар артып, соңында бақытты шешім табылады.

 

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут

 

«АСТАНА ОПЕРА»ТЕАТРЫНЫҢ ОПЕРА СОЛИСТЕРІ, КАМЕРАЛЫҚ ОРКЕСТРІ

 

Клавесин партиясы – Елена Сахно / Жанар Ахметова

 

Итальян тілінде орындалады

(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)